Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2048 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 11:32

Ұрланған мұнайды сатудан қылмыскерлер миллиондаған сомада заңсыз табыс алады

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Ұрланған мұнайды сатудан қылмыскерлер миллиондаған сомада заңсыз табыс алады.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Мәселен, ресми өкілдің айтуынша, Батыс Қазақстан облысында шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына  Кажипанов сотталған. Ол  «Қаршығанақ өңдеу кешені - Ұлкен Шаған - Атырау» құбырынан 18,7 млн. теңге сомасының 288 тонна шикі мұнай ұрлап, бірнеше кәсіпорындарға жалған құжаттар арқылы сатқан. Сондай-ақ Қызылорда облысында «Қызылорда-Алатау» ЖШС-нің директоры Өтепбергеновке қатысты іс сотқа тапсырылды. Ол 2011 жылғы тамыз-желтоқсан аралығында «Қазалы» стансасынан «Армавир ImpEx Oil» және «Сары-Арқа 2007 KZ» ЖШС-іне заңсыз жолмен сатып алынған 789 тонна мұнай қалдықтарының қоспаларын сатып, ол үшін 46,5 млн. теңге алған деп айыпталуда.

«Қызылорда облысында «Керуен Модус Трейд» ЖШС директорына қатысты іс те  сотқа тапсырылды. Ол 2010 жылғы қарашада Қызылорда стансасынан Қаратау стансасына сұйық жанармай ретінде тіркелген құны 45 млн. теңгені құрайтын 649 тонна шикі мұнаймен толтырылған 11 вагон-цистернаны жібермекке әрекеттенген деп айыпталуда», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522