ҚазАТУ жатақханаларына сандық телевизия мен сандық телефон желілері жүргізілмек
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық жатақханалары интернетке және сандық телевизия желісіне қосылады.
Бұл туралы бүгін «Жоғарғы білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибелері мен болашағы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясында Астанадағы ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.
Ректордың айтуынша, университет аумағында студенттерге арналған 4 жатақхана бар. Сонымен қатар 9 қабатты жаңа жатақхана салынуда.
«Студенттерге қазіргі заманғы ақпараттық қызметтерді кеңейту мақсатында Қазақтелекоммен бірлескен жоба дайындалды. Осы жобаға сәйкес төрт студенттік жатақхананың әр бөлмесі интернет желісіне қосылады. Сондай-ақ интерактивтік сандық теледидар мен телефон қызметтері қолжетімді болады. Кеңжолақты интернетті пайдаланудың жалпы жылдамдығы 16-дан 50-ге Мбит/с дейін жоғарылайды. Университет осы жобаны іске асыру үшін 45 млн. теңгеден астам қаражат жұмсайды. Бұл жоба жаңа оқу жылына дейін жүзеге асады», - деп атап көрсетті А. Күрішбаев.
Қазіргі уақытта мұнда 9 мыңнан астам студент пен магистр білім алуда. 66 ғылым докторы, 272 ғылым кандидаты