Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1986 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 11:34

Елордада Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шаралар өтіп жатыр

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шаралар өтуде.

Осы орайда бүгін Тәуелсіздік сарайында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарихшылары елордалық жастармен кездесіп, аталған нәубет жайында дәрістер оқып жатыр.

Айта кетейік, бұл шаралар қазақ тарихындағы ашаршылықтың 80 жылдығын және жаппай қуғын-сүргіннің шарықтау кезеңінің 75 жылдығына сай келіп отыр.

Дәрістердің мақсаты  жастарға қазақ тарихын терең түсіндіру және оны құрметтеу. Кеңестік кезеңдегі ашаршылық және саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты жаңа деректерге негізделген ой-пікірлерді ортаға салу, зерделеу болып табылады.

Астана әкімдігі Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ертең  де мектеп оқушылары мен студенттер үшін осындай дәрістер оқылатын болады. 22 мамырда «Ашаршылық ақиқаты» атты кітаптың таныстырылымы өтеді. Ал 24 мамырда тарихшылардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылмақ.

Жаппай ашаршылық пен соның салдарынан өршіген түрлі аурулардан екі миллионнан астам қазақстандық қаза болды. Бұдан бөлек, қандастырымыз  бас сауғалап шетелге үдере көшті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524