Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2648 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 11:50

1<130 емес, 1>130 болуы тиіс немесе «1>130» - мемлекеттік тілді дамытудың бірден-бір формуласы

ҚР Статистика агенттігінің соңғы мәліметі бойынша елімізде тұратын 130 ұлттар мен ұлыстардың алдыңғы бестігін қазақтар - 9 540 806, орыстар - 3 869 661, өзбектер - 463 381, украиндар - 422 680 және ұйғырлар - 241 946 құрайды екен. Әрине, ұлан-ғайыр жердің иесі - қазақ ұлты. Бірақ, сан ғасырлар қазақтың сүйеніші болған қазақ тілі еліміздің нағыз иесі бола алмай жатыр. Себептер көп. Шешілер түйін жоқ.
«Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңы қабылданған кездер  елдегі күрделі демографиялық ахуал жағдайымен тұспа-тұс келгені белгілі. Сол бір қиын кезеңдерде қазақ халқының саны өз жерінде 40 пайыздан аса алмаса, орыстар, украиндықтар мен белорустар 7 миллионнан асып, бүкіл халықтың 40 пайызынан жоғары болды. Мұндай статистикамен санаспауға болмайтын еді. Өйткені, бостандықты жария еткен алғашқы құжат - Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияда атап көрсетілгендей, елімізде  тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп есептеген болатын. Алайда, арадан бірнеше он жылдықтар өтті. Қазір қазақтың саны 50 пайыздан асып жығылады. Ендеше, бүгінгі билік бұл статистикамен неге санаспайды?

ҚР Статистика агенттігінің соңғы мәліметі бойынша елімізде тұратын 130 ұлттар мен ұлыстардың алдыңғы бестігін қазақтар - 9 540 806, орыстар - 3 869 661, өзбектер - 463 381, украиндар - 422 680 және ұйғырлар - 241 946 құрайды екен. Әрине, ұлан-ғайыр жердің иесі - қазақ ұлты. Бірақ, сан ғасырлар қазақтың сүйеніші болған қазақ тілі еліміздің нағыз иесі бола алмай жатыр. Себептер көп. Шешілер түйін жоқ.
«Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңы қабылданған кездер  елдегі күрделі демографиялық ахуал жағдайымен тұспа-тұс келгені белгілі. Сол бір қиын кезеңдерде қазақ халқының саны өз жерінде 40 пайыздан аса алмаса, орыстар, украиндықтар мен белорустар 7 миллионнан асып, бүкіл халықтың 40 пайызынан жоғары болды. Мұндай статистикамен санаспауға болмайтын еді. Өйткені, бостандықты жария еткен алғашқы құжат - Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияда атап көрсетілгендей, елімізде  тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп есептеген болатын. Алайда, арадан бірнеше он жылдықтар өтті. Қазір қазақтың саны 50 пайыздан асып жығылады. Ендеше, бүгінгі билік бұл статистикамен неге санаспайды?

Қазақстанда бір ғана ұлт бар, ол - қазақ ұлты. Ал қалғандары - ұлт өкілдері, диаспоралар. Осы елдің, жердің иесі де, киесі де мемлекет құрушы ұлт - қазақ халқы. Осыны өзгелерге мойындата білу қолдан келер емес. Әрине, бұған біршама себептер де бар.  Өзге диаспораларға мемлекетті ұйыстырушы негізгі фактор «мемлекеттік тіл» екенін ұғындыратын уақыт әлдеқашан жеткен. Тек іске кірісу керек.
Қолда бар деректерге сүйенсек, мемлекеттік органдарда ісқағаздарды жүргізуде  ресми тілдің, яғни орыс тілінің қолданылуы 80 пайыздан астам екен. Ал қазақ тілінің пайдасына 15-20 пайыздық қана үлес тиіп отыр. Бұл мәліметтер қаныңды қайнататыны рас. Қанша уақыттан бері мемлекеттік тіл ұлттық бірліктің факторы болуы керек деп зарлап келеміз. Мемлекеттік тіліміздің басына түскен «тар жол, тайғақ кешудің» де шегі болуы тиіс. Біздің еліміздегі ең басты құндылық «адам» екені бәрімізге белгілі. Қазақ халқының сабырлылығының арқасында  елімізде бірлік, тұрақтылық, тыныштық болып тұр. Ал сол тыныштықтың кепілі - қазақ халқы. Басқа диаспоралар қазақ халқының айналасына топтасуы тиіс. Қазақтың дарқандығын, ақкөңілділігін, тыныштықты сақтауға әрекеттенген сабырлылығын жуастыққа балап жатқандар өте қатты қателеседі. Қазақ ешкімге соқтықпайды, соқтыққанды оңдырмайды. Қазақтың бұл мінезі тарихтан белгілі.
Бүгінде кеңес одағының құрсауынан босанып азат күн кешіп жатқан кез келген мемлекетті бақыласаңыз барлығында ұлттық өрлеу жүріп жатыр. ТМД елдерінің қай-қайсысы болса да халқына ұлттық тәрбиенің жоғарғы үлгісін көрсетуде. Оңтүстігімізбен шектесетін Өзбекстан, Қырғызстан т.б. алып қарасаңыз, халқы мемлекеттік тілінде сайрайды. Тіпті, кеңес одағының ұйытқысы болған Ресейдің өзінің «ұлттық саясатқа» баса назар аударғанын байқаймыз. Бүгінде Ресей «батыстық демократияны» басы бүтін қабылдамай, өзіндік дербес жолға түсіп, орыс ұлтшылдығын әспеттеуге көшкен.  Мұның себебі Ресейдегі әрбір орыстың санасын мәңгүрттіктен тазалап, ондағы империялық мұратты ояту. Ұлттық тәрбиенің, ұлттық салт-дәстүрдің, ұлттық руханияттың кемшілігінен арылтып, орысқа жәй орыс емес, «Ұлы орыс» екендіктерін ұқтыру. Бақылап қарасаңыз,  қазір Ресей осы тұрғыдағы көздеген мақсатына жетіп қалды. Ал Қазақстандағы жағдай бұлармен салыстыруға келмейді. Қазақстанда мүлдем керісінше. Мұндай қарама-қайшылыққа қарап Қазақстан билігі әлмдегі ең ақылды билік екенін, болмаса  ең ақымақ билік екенін аңғаруға болады. Тек екі жауаптың бірін таңдау өте қиын.
Қазақстан билігі елдегі барлық ұлттарға жағдай жасасақ қана тыныштық болады деп, бірлік болады деп ойлайды. Бірақ, бұл өте қате пікір екенін түсінетін кез келді. Мәселен, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасында мынадай жолдар бар: «Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды  қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді  тіл саясаты». Алайда, елдегі барлық этностардың тілін сақтай отырып, қалайша мемлекеттік тілді дамытуға болады? 130 ұлт бар деген сөз, 130 тіл бар дегенмен бірдей. Демек, бұл тілдердің бәріне бірдей жағдай жасау көп тілділікке алып келіп соқтырады. Мұндай жағдайда мемлекеттік тілімізді ешқашан дамыта алмаймыз.
Бізде мемлекетті құраушы ұлт, яғни қазақ ұлты өз жерінде жасып отыр. Алайда, солай бола тұрып ең құрығанда қалт-құлт еткен орысқа қазақша тіл қатып, қазақша жауап ала алмайтынымыз  сор маңдай екенімізді көрсетеді. «Не понимаю» десе болды, тіліміз келмесе де ойымыздағыны орысқа орысша жеткізбек болып әлектенеміз. Осындай рухани кембағалдық қазақ баласын күнде жасытады. Ең өкініштісі, өз елімізде тұрып өзгеден қазақша жауап беруді талап ете алмайтын шарасыздыққа етіміз үйреніп барады. Яғни ұлт, бір кездері төзе алмайтын, көне алмайтын нәрселерге көнгіш болып кетті. Осының әсерінен ұлтымыздың, қазақ халқының бойында өз тағдырына жауапсыз қарайтын жаман қасиеттер қалыптасты. Бір кездері «басынан сөз асырмайтын» қазақ баласы «басын арашалап қалуды» абырой көретін күйге түсті. Ұлтты мұндай тоқыраудан алып шығып, қазақтың өршіл рухын оятатын бір ғана жол бар, Ол - ұлтшыл азаматтарға Ресейдегідей жан-жақты қолдау білдіріп,  мемлекетте «Қазақыландыру» процесін бастау. Алайда билік ұлтшылдарға көмек көрсетуі былай тұрсын, оларға қатаң шаралар қолданып жатқанын байқаймыз. Бұл жақсы жағдай емес. Мұндай күйден ұлттың жоқ болып кетуі де ғажап емес. Біз елін ойлайтын ұлтшылдарды көбейту арқылы ғана  республикадағы көп диаспораның бірі болуға «көніп» қалған қазақы ұлттық рухқа қайта cерпін бере аламыз. Басқа ешқандай жолмен бұл мәселелерді шеше алмаймыз. 130 ұлтты бөле жарып дамытқанша, 1 ұлттың айналасына топтастырып бірлікте ұстаған жөн (1>130). Сонда ғана еліміз дамиды.
Ресейдегідей ұлттық  сананы қалыптастыру үшін біз бұрынғы бабалар бойындағы жақсы әдеттерді, ізгі қасиеттерді қайта жаңартып, жаңғыртып, бүгінгі жас ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет. Бабалар ерлігін айтып, бұрындары әлемде теңдессіз мемлекет болғанымызды, жер әлемнің жартысын жаулап алғандығымызды айтып, олардың мақтаныш сезімін оятуымыз шарт. Басты идеология - тәрбие. Өйткені, идеологияны қылышпен шаба алмайсың. Сол себепті ұлттық идея, ұлттық идеология қазақтың тәуелсіз санасын қалыптастыру жолында болуға міндетті. Патриоттық сезім болмай, біз сырқат санадан ажырай алмаймыз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай туғызу керек» - деп айтқаны бар. Президенттің бұл саясаты Ресейдің ұлттық саясатына мүлде керағар екенін жоғарыда айтып кеттік. Бізде қазақыландыру процесі мүлде жүріп жатқан жоқ. Елімізде тұратын 130 ұлттар мен ұлыстардың әрқайсысы өздерінің ана тілдерінде қарым-қатынас жасап, әрқайсысы өз білгендерін істейтін  болса бірлік сол кезде құриды. Оданда осыншама ұлттың басын тоғыстырып, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасау үшін мемлекеттік тілді білуді әрбір ұлттар мен ұлыстарға міндеттеу керек. Әр диаспораның өкілдері балаларын мемлекеттік тілді білуге тәрбиелеуі керек. Қазақстаннан көрген жақсылығын естеріне салып отыруға тиісті. Қай елде тұрсаң, сол халықтың дәстүр-салтымен, жолымен жүруге тиістісің. Өзгелер қазаққа жұдырық ала жүгіргеннен пайда таппайды, керісінше, сол ұлттың ығында жүріп, паналаған сәтте ұтады.  
Мінберден сөз бастап, көсемсіп жүрген шенеуніктеріміздің аузынан «Қазақстанда жүзден астам ұлт тұрады» дегенді естігенде, олардың кейде не сөйлеп тұрғанына мән беруге уақыты жетпей ма деген ойда қаласың. Жіктелу ешқашан жақсылыққа апармайды. Ал бұлай сөз саптау саяси қателік. Себебі, Қазақстан жүздеген ұлт тұратын федерация, я болмаса құрама штаттар емес, Қазақстан - унитарлық зайырлы мемлекет. Біздің құрамымызда Ресейдегідей автономиялар жоқ. Бізде мемлекет құраушы ұлт «Қазақ» деген бір ғана халық тұратын біртұтас мемлекет екенімізді шенеуніктердің де түсінетін уақыты келді. Мәселен, Қазақстанда соғыс бола қалған жағдайда орыс халқы Ресейге, өзбек халқы Өзбекстанға, неміс халқы Германияға қашып кете салады. Ал қазақ халқы ше? Қазақтардың Қазақстаннан басқа отаны жоқ. Мысалға алғанымыздай, соғыс бола қалған жағдайда қазақтар осы жерде қалып отанын қорғайды. Ендеше, билік өзге диаспораларға емес, мемлекеттің негізін құраушы «қазақ» халқына жағдай жасау керек. Қазақ тілінің өркендеуіне күш салу керек. Бір халық қатарынан екі мемлекетте өмір сүре алмайды. Кейде «Қазақстандық ұлт» немесе «Қазақстандағы халықтар» деп сөйлеуге құмарлардың сөз саптасынан Америка немесе Ресейге еліктегісі келетіндік аңғарылады. Алайда, Қазақстан Америкадай штат немесе Ресейдей федерация емес екенін жоғарыда атап өттік. Соның өзінде бұл мемлекеттердің тәжірибесін бақылап отырсаңыз ешқашан өздерін ұлтына қарай жіктемейді. Керісінше, «Америкалық ұлт» деген атауға ұйысуға тырысады. Саясаттары да бөлінуге емес, бірігуге бағытталған.
Біздің елде өзге ұлттардың тіліне жағдай жасайтындай олардың тілі құрып бара жатқан жоқ. Әрқайсысы өз елінде ана тілдерін дамытып жатыр (орыстардікі Ресейде, өзбектердікі Өзбекстанда). Қазақстандағы бірде-бір ұлттың тілі қазақ тілінің халіндей мүшкіл күйде емес. Оларға біздің мемлекет жағдай жасап отырғаны рас. Шешендер, ингуштар, күрдтер, түріктер тағы басқалары өздерінің тілдерінде сайрап, әндерін айтып, күйлерін тартып, әдебиет-мәдениетін түгендеп отыр. Ұлттығын жаңартып, жаңғыртып жатыр. Ешқайсысы өздерінің дәстүр-салтын, дінін, ділін ұмытқан жоқ. Егер біз ел болып жұмылып, бағдарламада көрсетілген талаптардың орындалуына күш салсақ, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білсек, сонда ғана қазақ тілінің қолданылуын жаңа бір арнаға бұра аламыз. Бір сатыға жоғарылатамыз. Тілді білуге деген мәжбүрлілікті тудырамыз. Мәжбүрлік болмай басқа ұлттағы диаспоралар мемлекеттік тілді білуге ешқашан құлшынбайды.
Үш тұғырлы тіл саясатын қолдап, бір адам бірнеше тілді меңгеріп жатқан заманда мемлекеттік тілді үйрене алмады деу мүмкін емес жағдай. Мемлекеттік тілге қажеттілік болмаған соң оны басқа диаспоралар үйренгісі келмейді. Баршамыз бір тудың астында өмір сүріп жатқанда, мемлекеттік тілдің үстемін көтеру әрбір қазақстандықтардың міндеті болуы керек. ТМД елдерінің барлығына жуығында жауапты орган қызметкерлеріне мемлекет тілін білуді міндеттейтін заң бар. Біз әрдайым үштұғырлы тіл саясатын ұстанып келеміз. Алайда, мемлекеттік тілге қажеттілік тудыру нормаларын дұрыс қалыптастыра алмай жатырмыз. Қазір қазақ тілін ауылдағы ағайындар мен қаладағы қазақтілді орталар ғана пайдаланады. Егерде «Түйеге жантақ керек болса, мойнын созып жейді». Сондықтан да мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білуді міндеттесек, онда олар лауазымы үшін үйренеді. Ендігіде мемлекеттік тілдің өзіне арнайы заң керек. Өлейін деп жатқан өзге тіл жоқ. Бәрі өзінің қалыбымен өркендеп келеді. Әрбір қазақстандық осы отанды өзіне ортақ деп санаса, мемлекеттік тілді де ортақ деп қарауы тиіс. Болмаса өз елдеріне көшіп кетсін.
1130 болуы тиіс. Осы формула арқылы елдегі бірлікті де, тұрақтылықты да бірқалыпты ұстауға болады. Бұл формула арқылы тілімізді, әдебиетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап патриот, ел үшін қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеп шыға аламыз. «1>130» - мемлекеттік тілді, қазақ ұлтын дамытудың бірден-бір формуласы.

Дінмұхамед Аязбеков

http://www.mtdi.kz/kz/makalalar/ruxaniat/903-1-130-emes

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529