ДДСҰ: Жаңа пандемияға дайындалыңдар
ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус әлемдік қауымдастықты COVID-19 пандемиясынан сабақ алып, жаңа пандемияларға дайындалуға шақырды.
Оның айтуынша жаңа вирустар мен пандемиялар енді күнделікті өмірдің бір көрінісіне айналуы мүмкін. Оны жеңудің жолы медицинаны дамыту және дер кезінде реакция жасау.
Гебрейесус қазіргі таңда әлемде вакцина алу жағынан теңсіздік барын атап өтті. Ол артта қалған елдер вакцинаға қол жеткізе алмай жатқанын, ал вакцина алған халықтың 77 пайызы 10 елде тұратынын тілге тиек еткен. ДДСҰ COVAX механизміне үлкен мән беруге шақырды. Аталмыш механизм бойынша дамыған елдер артта қалған елдерге вакцина алуға жәрдемдеседі. Бағдарлама аясында 2021 жылы 2 млрд доза вакцина артта қалған елдерге көмек ретінде жеткізіледі деп жоспарлануда.
Abai.kz