Мыңдаған ауған босқыны Тәжікстанға келді
Ауғанстаннан келген мыңнан астам босқын Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық ауданында орналастырылды деп хабарлады 7 шілдеде облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі. Қауіпсіздік мақсатында босқындардың қайда екендігі айтылмады.
Аймақ басшысы Эдгор Файзовтың Тәжікстандағы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының, БҰҰ Қауіпсіздік бюросының, Тәжікстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің және Ага Хан қызметінің өкілдерімен кездесуінде облыстық әкімшілікке ризашылық білдірілді.
Кездесу барысында халықаралық ұйымдардың өкілдері Тәжікстанды осы игі істе қолдайтындықтарын мәлімдеді.
Қауіпсіздік мақсатында Таулы-Бадахшан билігі босқындардың нақты санын әлі айтқан жоқ. Бұл азаматтық босқындар туралы бірінші хабарлама. Бұған дейін тек Тәжікстан шекарасынан өткен әскерилер туралы хабарланған еді.
Abai.kz