Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3719 0 пікір 7 Шілде, 2021 сағат 15:32

Келісім: қанша қазақстандық шетелде оқымақ?

330 қазақстандыққа жетекші шетелдік университеттерде оқуға түсуге ұсыныс жасалды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі өкілдері хабарлады. 

"Олар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен басқа елдермен жасалған үкіметаралық келісімдер аясында грант бойынша ақысыз оқуға бара алады. Әңгіме Венгрия, Қытай, Польша, Украина, Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам университеттері туралы", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, Венгрия Қазақстанға ең көп білім гранттарын бөлген - 250, Қытай - 47, Польша - 11, Украина - 10, Словакия - үш, Әзірбайжан - сегіз, Вьетнам - бір. Гранттар бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламаларына бөлініп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1161
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2687
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 802
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 776