Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2426 0 пікір 22 Мамыр, 2012 сағат 12:34

Көк байрақты Нұрмахан ұстайды

27 шілде мен 12 тамыз аралығында Лондонда өте­тін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында қазақ­тың көк байрағын әйгілі балуан Нұрмахан Тінәлиев ұстап шығады.

Ондай құрметке Нұрмахан лайық.

Грек-рим күресі бойынша ол бүгінгі таңдағы белді балуандардың бірі. Аса ауыр салмақта күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы 2010 және 2011 жылғы әлем чемпионатында қола медальді мойнына ілді. Осыдан екі жыл бұрын Гуанжоуда өткен

Азия ойындарында алтын тұғырға табаны тиді. Тінәлиев қандай жарысқа қатысса да үнемі ел сенімін ақтап жүр. Сол себепті де нар тұлғалы жігітімізге осындай маңызды мис­сия сеніп тапсырылды. Балуанның өзі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Ермахан ағам сияқты елге алтын медаль сыйлауға бар күш-жі­ге­рімді саламын» деп ағынан жарылды. Естері­ңізге сала кетейік, жоғарыда есімі аталған даңқ­ты боксшымыз 2000 жылғы Сидней Олим­пиадасының ашылу рәсімінде мемлекеттік туымызды ұстап шығып, ақырында чем­пиондық атаққа қол жеткізген болатын. Бұл ақпаратты Республикалық спорт және дене тәрбиесі істері агенттігі әлі растаған жоқ. Десек те осы маңызды іс Нұрмахан Тінәлиевке сеніп тапсырылатынына күмәніміз жоқ.

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445