Сенбі, 19 Сәуір 2025
Билік 3777 6 пікір 10 Шілде, 2021 сағат 17:45

Омаровтың қызметін Қарашөкеев атқарады

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров қызметінен алынды. Ал, Омаровтың орнын уақытша Ербол Қарашөкеев атқаратын болады.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев  ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды»,- делінген Үкімет қаулысында.

Е. Қарашөкеев «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4086