Сейсенбі, 29 Қазан 2024
3327 3 пікір 10 Шілде, 2021 сағат 18:16

Елімізде 6,6 млн адам вакцина алған

Қазақстанда соңғы бір айда вакциналау қарқыны екі есеге артқан. Бүгінде елімізге 8,7 млн доза вакцина әкелініп, оның ішінде 6,6 млн доза вакцина салынған.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

- Оның айтуынша, бүгінге дейін елімізде екпенің бірінші компонентімен 4,2 млн аса адам немесе тиісті контингенттің 42,8 пайызы егілген. Ал екінші компонентпен 2,4 млн жуық адам қамтылған.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Қазақстан бойынша қандай өңірлерде вакциналау қарқыны төмен деңгейде екенін айтты. Атап айтсақ, Маңғыстау облысында бірінші компонентпен тиісті контингенттің 21,5 пайызы, Ақтөбе облысында – 34,9 пайыз, БҚО-да – 35,5 пайызы ғана егілген.

- «Ashyq жобасы 13,5 мыңнан аса бизнес субъектілеріне пандемия кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде 96 пайыз шағын және орта бизнестің жұмысы қалпына келтірілді. Ashyq арқылы анықталған 11,5 мыңнан аса карантин режимін бұзғандарға, талапты сақтамаған мың субъектіге қатысты шаралар қабылданды», - деді Е. Тоғжанов.

Abai.kz

3 пікір