Сейсенбі, 29 Қазан 2024
2997 11 пікір 12 Шілде, 2021 сағат 13:07

Куба халқы көтерілді: Диктатор кет!

Кубаның астанасы Гаванада және басқа да бірқатар қалаларда елдегі коммунистік билікке қарсы мыңдаған адам наразылық білдіріп, толқулар басталды. 

Наразылық білдірушілер елде бостандық, демократиялық құндылықтар орнауын қалайды. Олар Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша "Диктатор кет", "Біз қорықпаймыз", "Бостандық" деп ұрандатуда.

Елдегі экономикалық жағдай жарты ғасырдан бері мәз емес. Ал елдегі карантиндік шектеулер тіпті экономиканың құлдырауына әкелді. Куба Латын Америка елдерінің ішінде алғаш болып өз вакцинасын жасағанына қарамастан, вирус қарқыны азаяр емес. Abdala 2 вакцинасы Куба халқына өткен аптадан бастап егіле бастады.

Куба президенті Мигель Диас-Канель коммунистерді көшеге шығып, режимді қолдауға шақыруда. Ол АҚШ-ты кінәлап, айыптауда. "Барлық жағдайға Вашингтон кінәлі" дейді Куба басшысы.

Abai.kz

11 пікір