Сенбі, 23 Қараша 2024
3248 4 пікір 16 Шілде, 2021 сағат 14:43

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын әкелмек

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын өндірушілермен препаратты Қазақстанға алдыру туралы келіссөздерді қайта бастады. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.

Бірқатар ел белгілі бір вакциналарды салдырған саяхатшылар үшін ғана шекарасын ашқандықтан, қазақстандықтар үшін саяхаттауға болатын елдер қатары айтарлықтай шектелді. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін COVID-19-ға қарсы вакцинаның төрт түрі қолжетімді: "Гам-КОВИД-Вак" (Спутник-V), "QazCovid-In" (QazVac), "Hayat-Vax" және "КоронаВак".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, шетелдік COVID-19-ға қарсы вакцина өндірушілермен келіссөз жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Қазақстандықтарды "Pfizer", "AstraZeneca", "Moderna" және "Johnson&Johnson" препараттарымен вакциналауға бюджет қаражатын бөлу мәселесі уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін қаралады", - деп нақтылады ведомстводағылар.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435