Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5882 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 12:08

Елбасы: Ашаршылық, жер аудару және адамдардың жаппай құрбан болуының басты айыпкері - адамгершіліктен тыс тоталитарлық жүйе

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументін ашты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің делегаттары, көрнекті жұртшылық өкілдері қатысты. Монумент 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған.

Мемлекет басшысы ескерткішті аша отырып, бұл күндері Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезі өтіп жатқанын атап өтті.

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументін ашты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің делегаттары, көрнекті жұртшылық өкілдері қатысты. Монумент 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған.

Мемлекет басшысы ескерткішті аша отырып, бұл күндері Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезі өтіп жатқанын атап өтті.

- Бұдан тоғыз жыл бұрын, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезін өткізу кезінде Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мекені деп аталды. Осынау келісімнің негіздерінің бірі жақсылық, бейбітшілік және әділеттілік тәрізді мәңгілік құндылықтарды қабылдаудағы біздің бірауыздылығымыз болып табылады. Дәл сондай біз өткеніміздегі жамандық, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті бірауыздан қабылдамаймыз. Бүгін, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, біз екі қайғылы датаны есімізге түсіреміз. Биыл біздің жерімізде жаппай ашыршылықтың басталғанына 80 жыл және саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 75 жыл толады. Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 миллион адамның өмірін жалмады. Оның ішінде Қазақстаннан ең кемі 1,5 миллион адам аштықтан ажал құшты. Біз алапат ашаршылық құрбандарының рухына тағзым ету үшін жиналып, «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» ашып отырмыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументінің сәулеттік композициясы екі мазмұндық бөлімге негізделген. Монументтің негізгі идеясы көкке қолын жайып, үмітпен жәрдем сұраған, өз ұрпағына өмір тілеген әйел-ана бейнесінен көрінеді. Сондай-ақ, композициялық мүсіндер дөңгелек жерошақ бейнесіндегі шеңбердің ішінде, ана мен бала бейнелерімен бірге, қазақ халқының ескі қорымдарында орнатылатын балбал тасмүсіндері қойылған. Бұл көрініс арқылы аштық салдарынан өмірден мезгілсіз өткендер мен тірі қалғандар арасындағы байланыс үзілмейтінін білдіреді. Сәулеттік композицияның артқы қапталына «Қасірет керегесі» тұрғызылған.

- Біздің тарихқа жіті көзбен қарап, парасаттылық танытып, бұл тақырыпты саясиландыруға жол бермеуіміз керек. Ашаршылық, жер аудару және адамдардың жаппай құрбан болуының себептері кеңестік режімнің қатаң саясатында жатыр. Қуғын-сүргіннің басты айыпкері - адамгершіліктен тыс тоталитарлық жүйе. Енді біз тарихымызға басқа қырынан келуге тиіспіз. Барлық қиындықтарға қарамастан, қазақ халқының қонақжайлығының арқасында Қазақстанға жер аударылғандардың барлығы жаңа өмірді бастады. Біз болашаққа бет бұрған халықпыз. Тәуелсіздік жылдары миллионға жуық қандасымыз тарихи атамекеніне көшіп келді. Қазірдің өзінде 17 миллионға жақын халқымыз бар және біртіндеп 1,5 - 2 пайызға өсіп келе жатыр. Халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, бала туу деңгейі өсіп, халық саны жылдан-жылға көбеюде. Осының барлығы отандық медицинаны дамытудың және ана мен бала өлімі азаюының, өмір сүру жасының ұзаруының және біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты артуының арқасында жүзеге асып отыр. Тек соңғы 4 жылдың ішінде қазақстандықтардың өмір сүру жасы 65-тен 70 жасқа жақындады. Бұл үлкен табыс болып саналады. Біз жуық арада еліміз халқының санын 20 миллионға жеткізуді ниет етіп отырмыз және оған қол жеткізу үшін барлық жағдай бар, - деді Мемлекет басшысы.

Монумент  қаладағы Республика мен Абай даңғылдарының қиылысындағы алаңға қойылған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963