Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1600 0 пікір 18 Шілде, 2021 сағат 19:17

Діни экстремизмді насихаттау қатаң жазаланады

Елімізде діни экстремизмге қарсы күрес қарқынды түрде жүруде. Мемлекеттік билік арнайы антитеррорлық топтарды құрып, қоғамның барлық саласы мен сатысында радикалдық көзқарастың дамуына, насихатталуына қарсы жұмыс жасауда. Әсіресе әлеуметтік желіні бақылауға алу, ондағы діни лаңкестікке шақыруды бұғаттау, дер кезінде жұмыс істеу маңызды болып табылады. Себебі Таяу Шығыстағы террорлық топтарға барып қосылғандардың барлығы дерлік әлеуметтік желі арқылы үгіт-насихатқа ұшырап, сол арқылы діни экстремизмнің құрығына түсіп қалғандар. Сондықтан желідегі түрлі парақшаларды, қауымдастықтар мен жазылған жазбаларды қарап отыру маңызды. Заң бұзушылық байқалған сәтте, оның бірден қолға алып, заң аясында реттеу іске асады.

Мысалы Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны Facebook-тегі парақшасында діни араздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық материалдар жариялағаны анықталды. Ер адамға 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, заң аясында жазасын алды. Солтүстік Қазақстан облысының полициясында түсіндірілгендей, 42 жастағы Петропавл тұрғынының Facebook-тегі парақшасында діни мазмұндағы бейнелер жарияланған.

«Тексеру кезінде ер адамның деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені анықталды. Ол әлеуметтік желіде діни сараптаманың қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында сақтауға және таратуға тыйым салынған бейнематериалдарды орналастырды, себебі олар діни араздықты қоздыруға бағытталған. Шілденің басында Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ер адамды Қазақстан Республикасының ӘҚБтК -нің 453 -бабының 4 -бөлігімен кінәлі деп таныды», - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соттың шешімімен жеккөрушілікті қоздыруға бағытталған материалдарды сақтағаны үшін 290 мың теңгеден асатын 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қолдану туралы шешім қабылданды.

«106 бейне файл мен 7 сурет тәркіленді, Facebook парақшасы жойылды. Естеріңізге сала кетейік: Қазақстан Республикасының заңнамасы адамның діни сеніміне, дінге қатынасына, діни сезімдерді қорлауына байланысты құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғуға тыйым салады», - деп түсіндіреді полиция брифинг барысында.

Елімізде экстремизмді насихаттау заңмен қудаланып, қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкелетінін ескертеміз. Өйткені діни экстремизм ел тұтастығы мен тыныштығына тікелей қауіп төндіретін қатер болып табылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396