Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4553 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:09

Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні.

Халықаралық балалар күні - ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны атап өту шешімі 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Балалардың бұл мерекесі неліктен дәл 1 маусым күні атап өтілетіндігі туралы нақты мәліметтер жоқ.

Болжамдардың бір нұсқасы бойынша, 1925 жылы 1 маусымда Қытайдың бас консулы  Сан-Франсискода қытайлық жетім балалардың бір тобын жинап, оларға Дуань-у цзе фестивалін (Қайық-айдаһарлар фестивалі) өткізді. Сәтті кездейсоқтықпен бұл күн, сондай-ақ Женевада «балалар» конференциясының өткізілуімен сәйкес келді.

Балалардың денсаулығын сақтау және жағдайын жақсарту мәселесі анағұрлым өзекті болған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, нақты айтқанда 1949 жылы Парижде әйелдер конгресі өтті. Онда балалар бақытының жалғыз кепілі ретінде орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етуге  талмай күресу анты айтылды. Бір жылдан кейін, 1950 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнінің алғашқы мейрамы атап өтілді, осыдан кейін бұл дата жыл сайын мерекеленеді.

Халықаралық балалар күнінің өзінің байрағы бар. Өсімді, үйлесімдікті, балғындық пен шұрайлылықты білдіретін жасыл фонда көрсетілген Жердің айналасына қызыл, сары, көк және ақ - стилизацияланған мүсіндер орналастырылған. Адамдардың бұл пішіні алуандылық пен төзімділікті білдіреді. Ортаға орналастырылған Жердің белгісі - ортақ үйіміздің символы.

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 546
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2417
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2156
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1243