Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3187 0 пікір 10 Тамыз, 2021 сағат 12:41

Қазақстанда ревакцинация қашан басталады?

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация ағымдағы жылдың қазанында басталады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Иә, біз ревакцинацияны жоспарлап отырмыз. Енді біз өз әдістерімізді анықтаймыз. Білесіз бе, ревакцинацияның екі түрі бар. Төтенше жағдайда іске асатын ұжымдық иммунитетті 60-70% болғанша жылдам алатын түрі бар. Жоспарлы ревакцинация бар - ол әдетте жылына бір рет жасалады. ЯБіз қазір барлығын қарастырып жатырмыз, өйткені Қазақстан вакцинациялауды тым кеш бастады, ақпан айында іске асыра бастадық қой. Халықтың негізгі бөлігі маусым-шілде айларында вакцинацияланды. Сондықтан бізде әлі де жаңа, деңгейі жоғары антиденелер бар. Сондықтан, мүмкін екінші дозаны алғаннан кейін шамамен тоғыз айдан кейін ол біздің күнтізбеге қосылады. Енді біз бұл туралы шешім қабылдаймыз, мәселені әріптестерімізбен бірге қарастырамыз",  - деді Цой.

Министр бізде ревакцинация шамамен қазан айында басталатынын айтты. Вакцина егуді бірінші бастаған АҚШ, Израиль, Ресей сынды елдер аталмыш кезеңді бастап кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1103
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733