Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2839 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 07:37

Шәріпхан Қайсар. Қусаң да жеткізбейтін қолжетімді баспана

Әрбір 2-3 жыл сайын қырық құбылып келе жатқан «Халықты Тұрғын үймен қамту» бағдарламасы басқа қалаларды айтпағанда, Астанада қызық жайтқа толы. Оны әлдеқандай етіп, «қолжетімді» (бұрын бала жетім болса, енді кедейлердің қолына дейін жетім дегенді аңғартса керек) деген қолапайсыз терминмен аталатыны өз алдына, бұдан 1-2 жыл бұрын мемлекеттік тізімге аман-есен ілігіп, «Тұрғын үй-құрылыс» банкінің илеуінен өткен біршама астаналықтардың қолдары «жетім» болғасын ба, әлгі заңды пәтерді алу мәселесі беймәлім болып отыр. Жергілікті билік сайтында қыздың жиған жүгіндей болып тұрған тізім өлі тыныштыққа ұласқан - жұрт тышқақтаған лақтың нәжісіндей күйдегі пәтер алу мәселесін іштен тына, тыжырына күткеніне бірнеше айлар, тіпті жылдар болды.

Кейбіреулері, тіпті, берешек ақшасын төлеп, пәтерін алдын ала сатып алса да, кілтін ала алмауда. Себебі, белгісіз. Сол тұрғындардың айтуынша, Тұрғын үй салынып біткен, құрылысшылар тапсырған, бірақ коммуналдық жағы дайын емес, айналасы алқам-салқам күйде, қысқасы нысан мемлекеттік қабылдаудан өтпеген, бірақ жұртты тыныштандыру үшін қолдарына кілттің орнына қағаз ұстата тұру тактикасы орныққан.

Несін айта берейік, қысқасы, ауызды қу шөппен сүртпесек те, қауесетпен ғана сүртіп жүре беруге әбден болады.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371