Әли ОМАР. Қаржы дағдарысы кадр дағдарысына ұласты
Еуропадағы ежелгі ел - Грециядағы Қазақстан консулдығы жақын арада елшілік болып керегесін кеңейткелі жатыр. Биліктің бұлайша дағдарыс кезінде артық шығын жұмсап, асығыс әуреге түскеніне қарағанда, жоғарғы жақтағы бір дөкейге «срочно» жанға жайлы қызмет орны қажет болып қалған сияқты.
Кімге дейсіз ғой... Президентпен бірге жасасып келе жатқан, желтоқсан қаһарманы Нұртай ӘБІҚАЕВ дейтін сенімді «серый кардиналдың» туған ұлы Сергей Нұртаевқа. Орда бұзар отызға шыққан шағында жауапкершілігі жоғары лауазымды қызметті ұршықша иіріп әкетуге әзір отырған майор бұған дейін Кеңес Одағының КГБ-сы мен өзіміздің КНБ-да жұмыс жасапты. Жалпақ жұрт бұл жігітті ұлан-асар той жасағыш дархан да, дарақы мінезімен жақсы таниды. Өзінің үйлену тойын мемлекет ақшасына аста-төк етіп тойлаған Сергейге кезінде Назарбаевтың қатты ренжіп, тіпті, қызметінен қуып жіберуге дейін барғанын білеміз. Жылап-сықтап келген әкесінің аппақ сақалы болмағанда... тойшыл дипломаттың алдағы тағдыры белгісіздеу еді. Енді, міне... Афиныға Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі ретінде аттанбақшы. Алла алдынан жарылқасын, әрине.

Жабайы табиғаттың аясындағы жан-жануарлардың өзі жанындағы жұптарын уақыты жеткенде қан тазарту үшін қуып жібереді десек, біздегі биліктің кадр саясатында ондайдың жұрнағы да байқалмайды. Баяғы алмастыруға ыңғайлы азбас-тозбас шенеуніктер, қашан көрсең бір-бірімен орынтақтарын айырбастайды да жатады, айырбастайды да жатады. Олардың қатары енді бүгін Сергей секілді екінші толқынмен толығып жатқанына қарағанда біз біраз уақытқа дейін мойындамай келген қаржы дағдарысы кадр дағдарысына ұласқан-ау, деймін. Болмаса, елші болатындай Алатаудың етегінде дүниеге келген бір пенде табылмады дейсіз бе?
«Қазақстан» газеті. 08.07.09