Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3179 0 пікір 5 Маусым, 2012 сағат 09:47

Есеп Түгелов. БТА Банк: Қыл бұрау кімнің мойнына түседі?..

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің қаржысын оңды-солды шашқан шенеуніктердің «мойнын бұрап жұлып алатынын» айта келіп, өткен дағдарыстың кезіндегі жазалау шараларын қолданатынын алға тартты. Алайда, БТА Банктің бүгінгі мүшкіл халіне қарағанда, сол кезде мемлекет басшысының «жазалауынан» сытылып кеткендер бар сияқты. Бұл банкке мемлекеттік қазынадан миллиардтаған доллар құйылды (тура мағынасында «құйылды»). Одан бері де үш жыл өтті. Бірақ, банктің халі әлі де мүшкіл. Қазақстанның басына төнген барлық бәлеге кінәлі делініп жүрген Әблязовтың ізім-ғайым жоғалғанына да төрт жыл. Бірақ, банктің қарызы жабылмады, БТА-ның басына үйірілген қою қара бұлт сейілмеді. Енді міне, тағы да БТА Ұлттық қордың қаржысына қол салмақ. Салық төлеушілердің, яғни сіз бен біздің ақшамыз тағы да осы банкті «құтқару» шарасына жұмсалмақ. Банк еңсесін тіктей алмады. Бірақ, тығырықтан шығар жолды ұсынғандар жауапқа тартылған жоқ.  Тартылмайды да. Себебі, олар бүгін де қаржылық және мемлекеттік құрылымдардың басында отыр. Жай отырған жоқ, дамудың жалғыз жолы, тығырықтан шығар бірден-бір тәсіл ретінде тағы да ескі жүйені ұсынуда. Олар осы әрекеттері арқылы өздерінің кәсіби біліксіздігін және желге шашылған ақшаны бүркелемек. Бәлкім, ұрлықтарын жасырмақ.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің қаржысын оңды-солды шашқан шенеуніктердің «мойнын бұрап жұлып алатынын» айта келіп, өткен дағдарыстың кезіндегі жазалау шараларын қолданатынын алға тартты. Алайда, БТА Банктің бүгінгі мүшкіл халіне қарағанда, сол кезде мемлекет басшысының «жазалауынан» сытылып кеткендер бар сияқты. Бұл банкке мемлекеттік қазынадан миллиардтаған доллар құйылды (тура мағынасында «құйылды»). Одан бері де үш жыл өтті. Бірақ, банктің халі әлі де мүшкіл. Қазақстанның басына төнген барлық бәлеге кінәлі делініп жүрген Әблязовтың ізім-ғайым жоғалғанына да төрт жыл. Бірақ, банктің қарызы жабылмады, БТА-ның басына үйірілген қою қара бұлт сейілмеді. Енді міне, тағы да БТА Ұлттық қордың қаржысына қол салмақ. Салық төлеушілердің, яғни сіз бен біздің ақшамыз тағы да осы банкті «құтқару» шарасына жұмсалмақ. Банк еңсесін тіктей алмады. Бірақ, тығырықтан шығар жолды ұсынғандар жауапқа тартылған жоқ.  Тартылмайды да. Себебі, олар бүгін де қаржылық және мемлекеттік құрылымдардың басында отыр. Жай отырған жоқ, дамудың жалғыз жолы, тығырықтан шығар бірден-бір тәсіл ретінде тағы да ескі жүйені ұсынуда. Олар осы әрекеттері арқылы өздерінің кәсіби біліксіздігін және желге шашылған ақшаны бүркелемек. Бәлкім, ұрлықтарын жасырмақ. Бас прокуратура немесе қаржы полициясы БТА-Банктің басында отырған қазіргі топ-менеджменттің және оларға қолдау көрсеткен, солардың әрекетіне көз жұма қараған, банктің басындағы шынайы жағдай туралы жақ ашпаған шенеуніктердің әрекетіне жіті назар салғаны жөн шығар, бәлкім.

Жазалаудың қазақы үлгісі

Шенеуніктер мен ұлттық компания жетекшілерінің қазынаның қаржысын оңды-солды шашуы, миллиардтаған қаржыны желге ұшыруы мемлекет басшысының шыдамының шегіне жетуіне себеп болған секілді. Президент мемлекеттің мүлкін желге шашқандардың «мойнын бұрап жұлып алуға» белін бекем буып отыр.

Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, шенеуніктер арасындағы ұрлық-қарлық, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық түрліше жазаланғанын көреміз. Қарапайым жандарды дарға асатын болған. Ал басын кесу түріндегі жазалау қашаннан-ақ бай-шонжарларға қатысты қолданылған. Мысалы, Рим империясында жоғары лауазымды шенеуніктердің басын қылышпен шабатын болған. Ал егер қылышпен емес, балтамен шабатын болса, бұл масқарашылық деп есептелген. Өйткені, ежелгі Римде балтамен құрбандыққа шалынатын малдың басын шапқан. Бұдан екі жүз жиырма жыл бұрын бірінші рет көпшіліктің алдында гильотинамен жазалау шарасы қолданылған. «Алғашқы тәжірибені» жүзеге асыру үшін біреудің әмиянын жымқырған ұрының басы кесілген. Галифакс гильотинасы, яки ауырлық күшінің әсерінен екпінмен келіп басты кесіп түсетін ауыр пышақ Француз революциясы кезінде кеңінен қолданылып, «тазару мен жаңарудың символы» ретінде есте қалған.

Алайда, біздің шенеуніктер арасындағы ұры-қарылардың жолы болды. Олардың басын ешкім шаппайды да, кеспейді де. Тек, мойындарын бұрап жұлып алады. Есесіне, ежелгі дәстүрге сай, басын алу түріндегі жазалау бай-шонжарлар мен биліктің өкілдеріне ғана тән екенін ескерсек, үкіметте отырған жоғары лауазымды шенеуніктеріміз бен банктердің және ұлттық холдинг басшыларының атақ-абыройына нұқсан келмейді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні Жамбыл облысының әкімшілігінде Қазақстанның оңтүстігін дамыту мәселесі бойынша өткен жиналыста мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің қазынасына қол сұққандар қатаң жазаланатынын айтқан болатын. «Сіздерге және жалпы барша қазақстандықтарға ескертемін. Дағдарыс кезіндегідей жазалаймын, соқыр тиын ұрлағандардың мойындарын бұрап жұлып аламын. Кейін өкініп қалмас үшін барлық бөлінген қаржы мақсатты түрде жұмсалатын болсын. Мәслихаттар, тексеруші органдар, әкімшілік қысым жасамай, кедергі келтірмей, қаржының жұмсалуын қадағалайтын болсын», - деді елбасы.

Мемлекет басшысы 2007-2010 жылдардағы дағдарыс кезінде қазына қаржысын қымқырғаны үшін «басымен жауап бергендерді» алға тартты. Алайда, үш жыл бұрын «тиын-тебен» көрсе «жолдан таятын» ұры-қарылардың біразы «басымен жауап беруден» құтылып кеткенге ұқсайды. БТА-Банктің басындағы қаржылық ахуалдың ауырлығы осылай деуге мәжбүрлеп отыр.

Дәніккеннен құныққан жаман

«Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры мен Ұлттық банк миллиардтаған доллар көлемінде қаржы құйып, қолдау көрсеткеніне қарамастан, бұдан бұрын да талай тартысқа арқау болған БТА-Банк тағы да банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Банктің бүгінгі жағдайының мүшкіл екенін және болашағының бұлыңғыр екенін тек отандық сарапшылар ғана емес, халықаралық рейтинг агенттіктері де көрсетуде.

Банктің басына төнген ауыр жағдайға Мұхтар Әблязов пен оның командасының қатысы бар екенін біз жақсы түсінеміз. Алайда, қашқын банкир «басшылықтан» кеткеннен кейін қарыздарды жабу үшін мемлекеттік қазынадан миллиардтаған доллар құйылғанына қарамастан, оның ешқандай нәтиже бермегенін мойындауға тиіспіз. Банкті қайта қалпына келтіру шаралары ешқандай нәтиже берген жоқ. Әблязовтан кейін билікті қолға алған топ-менеджменттің әрекеті жағдайды тұрақтандыруға және банктің қаржылық ахуалын түзеуге емес, оффшорлық есеп-шоттарға кетіп қалған  активтерді қайтаруға жұмылдырып отырғаны жасырын емес. Ең өкініштісі, бұл әрекеттен де еш нәтиже жоқ. 2010 жылы банк тек қана заңдық кеңес алуға 24 млрд теңге шығындаса, 2011 жылдың үш тоқсанында ғана осы мақсатқа 19 млрд теңге жұмсаған.

«Самрұқ-Қазынаның» тасасына тығылған банк басшылары өздерін нарықтық қарым-қатынастың толыққанды субъектісі ретінде көрсетіп отырған жоқ. Олардың бұл әрекеті нарықтық экономика жағдайындағы әділ бәсекелестікті стратегиялық мақсат санайтын басқа банктер мен қаржылық құрылымдардың наразылығын тудырып отырғаны да түсінікті. Тұйыққа тірелген банктің топ-менеджерлері мен олардың қызметін қадағалауға және реттеуге тиіс шенеуніктер тығырықтан шығар жалғыз жол қарызды қайта құрылымдап, Ұлттық қордан тағы да қаражат алу деп отыр.

«Дәніккеннен құныққан жаман». Алғашқы қайта құрылымдаудан кейін БТА-Банк басшыларының бір жыл бойы қол жеткізген табыстарын айтып,  «ең үздік» деген марапаттарын жарнамалағаны мәлім. Егер расымен де «үздіктердің» қатарында болса, 2011 жылдың соңында тек бонд бойынша ғана қалайша 2 млрд доллар көлеміндегі дефолтқа жол берілді? Неліктен? Бәлкім, банк басшылары ақшаны еселеуге, қарызды қайтаруға аса қатты бас қатырмаған шығар? Олар, мүмкін, тағы да қайта құрылымдауға, яғни Ұлттық қордың ақшасына иек артқан шығар? Дәл осындай «даму стратегиясын» жөн көретін мүдделі топтарға сенген шығар, бәлкім?..

Дефолтқа барар жол

БТА-ның жағдайы өткен жылдың қараша айында күрт түсіп кетті. Дәл сол кезде Fitch Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанның БТА банкінің және оның еншілес құрылымы БТА Банк (Беларусь) ЖАҚ-ының ұзақ мерзімді дефолт эмитенті («РДЭ») рейтингін «В-» деңгейінен дефолт алдындағы «ССС» деңгейіне түсірді.  2011 жылдың соңында БТА-Банктің өз капиталы кері кетті. 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ғана БТА МСФО бойынша ғана 203,824 миллиард теңге (1,375 миллиард доллар) көлемінде таза шығынға батты. Осы мезгіл ішінде банктің капитал тапшылығы үш есеге дейін артып, 318,613 миллиард теңгеге ( 2 миллиард доллардан астам) жетті. Қыркүйек айында банк басшылары корпоративтік ссуда портфеліндегі қаржыға байланысты түйткілді жеткізді (15 миллиард доллардың 13,75 миллиарды). Жағдай одан кейін де түзелген жоқ (1-кесте).

1-кесте. 01.05.2012 ж көрсеткіш бойынша ЕДБ қаржылық көрсеткіштері (мың теңге)

Банктің атауы

Активі

Ссуда портфелі

Уәкілет-ті орган-ның талабы-на сай жасал-ған ссуда портфелінің прови-зиясы

Міндеттеме-лері

Жеке капиталы

Соның ішінде осы жылда-ғы бөлін-беген таза пайда (жабыл-маған шығын

"КАЗКОММЕРЦ-БАНК" АҚ

2 468 504 897

2 324 456 288

853 926 464

2 024 914 377

443590520

425702

"Қазақстанның Халық банкі" АҚ

2 434 912 320

1 372 069 663

334 188 833

2 133 084 021

301828299

14073313

"БТА Банк" АҚ

1 456 425 635

2 065 819 254

1 168 289 763

2 643 705 148

- 1187279513

- 711 422 252

"Альянс Банк" АҚ

528 835 871

542 780 362

245 419 748

518 737 952

10097919

19 525

"ТЕМIРБАНК" АҚ

250 370 454

222 604 628

116 074 735

189 336 918

61033536

144 269

Жеке капиталының кері кетуі 8 млрд доллардан асып кеткенін айтсақ та жеткілікті. Салыстырмалы талдау жасау мақсатында Казкоммерцбанк, Қазақстанның Халық банкі, Альянс Банк және Темірбанктің қаржылық көрсеткіштерін қоса алдық. Бұл қаржылық құрылымдардың акционерлік капиталына да «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры еніп, бұлар да БТА-Банк секілді қайта қаржылануға және несиелеуге қаржы алған болатын. Ал соңғы үш жылда олар қайта құрылымдаудан өтті.

Биылғы жылдың  1 мамырындағы жағдай бойынша ЕДБ-нің активтерін жіктеу көрсеткіштері (2-кесте) БТА топ-менеджерлерінің және мемлекет тарапынан бекітілген негізгі қаржылық реттеушілерлің БТА-Банктегі жағдайды тұрақтандырып, оны қаржы нарығына қайтару тәсілінің тиімсіз болғанын анық көрсетеді.

2-кесте. 01-05-2012 ж. жағдай бойынша ЕДБ-нің активтері мен шартты міндеттемелерінің жіктемесі (мың теңге)

Банк атауы

Стандартты

Күмәнді

Үмітсіз

Негізгі қарыз

Жасалған провизия сома-сы

Барлығы

Күдікті актив пен шартты міндетте-мелер бойынша жасалған  провизия сомасы

Негізгі қарыз

Жасал-ған прови-зия сомасы

"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ

491 699 246

-

1 802 776 878

491 583 051

371 066 830

370 063 110

"Қазақстанның Халық банкі" АҚ

1 491 576 674

-

807 247 489

105 099 074

233 399 832

233 399 832

"БТА Банк" АҚ

802 475 889

-

1 028 081 258

214 694 898

1 072 442 637

1 072 014 442

"Альянс Банк" АҚ

277 423 918

-

238 399 986

38 991 999

407 107 972

406 688 314

"ТЕМIРБАНК" АҚ

100 340 621

-

69 875 300

8 223 163

110 141 530

108 488 077

 

Казкоммерцбанк, Қазақстанның Халық Банкі, Альянс Банк және Темірбанктің дағдарыс кезеңі үшін таңдаған даму стратегиясы тиімділігін көрсетіп, оң нәтиже берген. Ал БТА-Банктің даму стратегиясы мен кіріс көзі әкімшілік ресурс (яғни қарызды жою) пен Ұлттық қордың қаржысы есебінен ғана болғанға ұқсайды. Сондай-ақ, активтерді қайтарып алуға және несие портфелінің тиімділігіне үміт артқан секілді.  Шын мәнінде кіріс көзі ретінде қайтарылған қаржы жоқ, ал кіріс көзі ретіндегі несие портфелі негізінен Ресейде және басқа да шет мемлекеттерде шоғырланған. Бұл несиелер бойынша жұмыс жанданған жоқ, Ресейде іскерлік белсенділік артпады. Нәтижесінде, стратегиялық кіріс көзі ретінде таңдап алған бұл екеуінен де банк пайда таппады. Бүгінгі күні банктің жалпы шығындары кіріс мөлшерінен асып кетті. Соңғы бес жыл көлемінде БТА-Банк алуы тиіс пайыздық кірістің шамамен бестен бір бөлігін алмады. Бұл ссуда портфелінің сапасын көрсететін өте төмен көрсеткіш.

2012 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БТА-Банктегі жұмыс істемейтін кредиттер жалпы несие көлемінің 61,41%-ына тең болған. 90 күннен кешігіп төленетін несиелерінің көлемі 76,17% болған. Салыстыру үшін айтсақ, «Казкоммерцбанк» Акционерлік қоғамында бұл көрсеткіш 28,53%, ал Қазақстанның Халық банкінде одан да аз - 22,90%. БТА-Банкпен салыстырғанда қаржылық дағдарыс кезінде техникалық дефолтты бастан өткерген Альянс Банк пен Темірбанктің көрсеткіштері анағұрлым жақсы.

Келтірілген мәліметтер жағдайдың аса қауіпті екенін көрсетеді. Ақырында Алматы қаласындағы арнайы қаржылық соттың шешімімен, 2012 жылдың 8 мамырында «БТА-Банктің» қайта құрылымдау жөніндегі талап арызы қанағаттандырылды. Қаржылық сот 2012 жылдың 27 қыркүйегінен кешіктірмей қайта құрылымдау туралы қаулы шығарды. Бұл осымен екінші реструктуризация болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылы БТА-Банк 2009 жылғы дефолт салдарынан болған қарыздарын қайта құрылымдау жұмысын аяқтаған болатын. Ол кезде кредиторлар қолма-қол ақша, банктің акциясы және банктің жаңадан шығарылған облигацияларына ие болып, барлық өтелмеген қарыздан бас тартқан болатын. Соның нәтижесінде банктің қарызы 12,2 миллиард доллардан 4,4 миллиард долларға дейін қысқарып, қарызды қайтару уақыты 20 жылға дейін ұзартылған. Қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін кредиторлар банктің акционеріне айналды, олар қазіргі кезде банк акциясының 18,5%-ына ие. Банкке 6 миллиард доллар көлемінде инвестиция құйған «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры банктің негізгі акционері ретінде акцияның 81,48-ын иеленіп отыр.

Мұндай айрықша қамқорлық БТА-дан басқа бірде-бір қаржылық институтқа жасалған жоқ. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2009 жылы Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы күрес шараларына бөлген қаржысы 2,3 трлн теңге (шамамен 16 млрд доллар) немесе 2009 жылғы жалпы ішкі өнімнің 15%-ы. Осы қаржының үштен бір бөлігі БТА-Банкке мемлекеттік қолдау көрсету шарасына жұмсалған.

Алайда, бөлінген қаржы тиімді пайдаланылды ма? Арада жыл өтпей жатып Үкімет пен «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры дефолт қаупі төніп тұрғанын жария етсе, ал банк басшылары тағы да қайта құрылымдауға өтініш білдірсе, қаржы мақсатты пайдаланылды деуге бола ма? Кезекті қайта құрылымдау туралы ұсынысты «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры мен қаржылық реттеуші - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де қолдап отырғанын айта кеткен жөн шығар.

Осы орайда Қазақстанның қаржылық жүйесін тұрақтандыру науқанына қатысқан банктердің барлығы тығырықтан шығар жол тапқанда, БТА-Банк неліктен белшесінен батқан қарыздан құтыла алмай отыр деген заңды сауал туындайды.  Банктің қарызы тағы да шаш-етектен. Осы жағдайға тікелей жауапты БТА топ-менеджменті де, негізгі қаржылық реттеуші де жауапкершілікке тартылатынға ұқсамайды. Бұл арада мәселе тек кәсіби деңгей мен тиімді менеджмент таңдауға байланысты болмауы мүмкін. Олай дейтініміз, қазынаның қаржысына көз тігушілер көп болса, қолы таза емес адамдар отырса, басқарушы топ жұмысты дұрыс ұйымдастыра білмесе, жүйелі жұмыс істеуді жолға қоймаса, қарыздың өсе берері хақ.

Кемшілік бар да, нәтиже жоқ

Банкті қайта құрылымдау әдетте қарызды және активтерді (пайда әкелмейтін активтерді сату) қайта құрылымдау, штатты қысқарту, банкті қайта құру (қосылу немесе бірігу, т.б.) түрінде жүзеге асады. Ал БТА-Банк басшылығы болса, тек қарызды жоюға ғана көңіл бөледі. Пайда әкелмейтін активтерді сату мәселесіне келгенде сараңдық танытады. Тағы да салыстыру үшін айтар болсақ, БТА-ның банк конгломераты  24 субъектіден тұрады. Ал «АЛМЭКС» холдингтік компаниясы» АҚ-да бұл көрсеткіш 19, «Цесна» корпорациясында» 15, «АТФ Банкте» 4-еу. Бірігу туралы идеяны банк басшылығы тіпті қолдамайды. Мысалы, Альянс Банк, Темірбанк және БТА-Банктің бірігуі туралы сөз болған (бұл мәселеге соңына қарай тағы айналып соғамыз). Ал қызметкерлерді және банк басшыларының шығынын 25 пайызға қысқарту биыл ғана көтеріліп отыр. Негізі мұндай шараны баяғыда-ақ қолға алу керек еді.

Сонда БТА-Банк басшылығы қашанға дейін «Банктер туралы» заңның 59-бабының 2 және 3 тармақтарына иек артпақ? Заңның аталған тармақтарына сай, сот арқылы қайта құрылымдаудан өту Қазақстандағы проблемалық банктердің ең соңғы мүмкіндігі. Мемлекетке құтқарушы болуға құқықтық негіз бар. Алайда, БТА-Банк қашанға дейін мәселені шешудің тиімді жолын ұсынудан қашқақтай бермек? Қашанға дейін банктердің қарызын кешіру қарапайым салық төлеушілердің есебінен жүзеге асырылмақ? «Самрұқ-Қазына» беретін қаржының Ұлттық қордан алынатыны айдан анық. Мұны отандық сарапшылар ғана емес, шетелдік мамандар да тайға таңба басқандай көрсетіп отыр. Мысалы, UBS Investment Bank сарапшысы Кэтлин Мидлемис былай дейді: «...Самрұқ-Қазына тағы да қаржы құйып, банктің бүкіл қаржы тапшылығын жабады. Екінші қайта құрылымдау шарасы «Самрұқ-Қазынаның» көмегінсіз жүзеге аспайды».

Мұны Әнуар Сәйденов те жоққа шығарып отырған жоқ. Әлемдік дағдарыстың жаңа толқынына экономикамыздың және ел азаматтарының дайындығы тұрғысынан алғанда, бар үміт Ұлттық қорда және «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры мен Үкімет жасайтын дағдарысқа қарсы бағдарламада.  Мемлекеттік қолдаудың дәл осы тетігіне сенім артқан БТА-Банк Директорлар кеңесінің төрағасы тағы да «жоқтан бар болудың» мүмкіндігі бар екенін есепке алған секілді. КТК телеарнасындағы «Портрет недели» бағдарламасының қаңтар айындағы кезекті бір санында сөз алған басқарма төрағасының сөзінен біз осыны аңғардық.

Алайда, екінші рет қайта құрылымдау шарасы банкті сыртқы міндеттемелерден құтқара ала ма? Неліктен мәселені шешудің жалғыз жолы ретінде дәл осы тәсіл қарастырылып отыр? Сценарий авторлары неліктен «Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің» тұжырымын есепке алмайды. Рейтинг агенттігі БТА туралы мынадай түсініктеме берген болатын: «Қазіргі күні БТА-Банктің қаржылық позициясы нашарлап кеткені соншалық, несие қарызын қайтару шарасы оң нәтиже берген күннің өзінде де (қазіргі кезде бұл агенттіктің негізгі сценарийі емес), бұл банктің төлем қабілеттілігін қайтаруға жеткіліксіз. БТА-Банктің шығын көлемінің көптігі сонша, мемлекет қаржы бөлген күннің өзінде де ол қарызды толық жаба алмайды, тек шығынның жартысын ғана жабады...».

Осы орайда тағы бір сауалдың төбесі қылтияды: Халықаралық дәрежедегі алаяқ ретінде Әблязовты жауапқа тартқылары келетін болса, неліктен қызметіне атүсті қарап, осыншама қаржының желге ұшуына жол берген шенеуніктер де жауапқа тартылмайды? Әңгіме қаржының жұмсалуын қадағалайтындар мен олардың басшылары туралы. Сұрақты төтесінен қойсақ, Қаржылық қадағалау агенттігі, Ұлттық банк басшылығы қайда қараған?

Қайта қалпына келтіру шараларының бірінші кезеңі тиімді болмағанына қарамастан, «Самрұқ-Қазына» банктің банкротқа ұшырауына жол бермеуге бекініп отыр. Банкті қалайда сақтап қалуға бел буған қордың басшысы Өмірзақ Шөкеев БТА-ға қолдау ретінде «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қорының құрылымына кіретін ұлттық компаниялардың сол жерден есепшот және депозит ашуын ұсынған болатын. Бұл, әрине, басқа банк басшыларының наразылығын тудырды.

Осы орайда Қазақстанның Халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметованың пікірі еске түседі. Шаяхметова ханым 2009 жылы банктің құлдырауына жол берген менеджменттің тек қызмет орнын ғана ауыстырып, дәл бұрынғы тәсілмен әлі де басшылық етіп отырғанына қайран қалатынын айта келіп, былай деген болатын: «...Қадағалаушы органда отырғандарына қарамастан, жағдайды жете түсінбей, қайта құрылымдауға қатысқан және оны оңтайлы болды деп бағалаған адамдар арада жыл өтпей жатып қайта құрылымдаудың тиімсіз болғанын аңғартты. Сөйте тұра, олар бүгінгі күні де қайта құрылымдаумен айналысуда және ең сорақысы, мәселені шешудің жолы ретінде сол баяғы тәсілдерді ұсынып отыр... Осыдан кейін заңды сұрақ туады: Мәселе салық төлеушілердің есебінен шешіле ме, әлде шетелдік инвесторлар тартыла ма?»...

Үміт Шаяхметованың пікірінше, БТА үшін ең дұрыс шешім - банкрот болу. Салық төлеушілердің есебінен банкті қайта құрылымдауға қарсы Шаяхметова ханым баспасөз мәслихатында «жыл сайын басымызға бәле болғанша, біржола құрысын» дегенге саятын пікір білдірді. Халық банкінің басшысы мемлекеттің бұған дейін БТА-Банкке 7 миллиард доллар көлеміндегі қаржы бөлгенін айта келіп, ендігі қайта құрылымдаудың шамамен 5 миллиард доллар болатынын алға тартты. «Бүгінгі күні жүйелі жұмыс істемейтін БТА-Банкке 12,5 миллиард доллар бөлудің қажеті бар ма? Бұдан кімге қандай пайда бар?»...

Қазақстанның халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметова кінәлілерді көзге шұқып көрсетпегенмен, олар баршаға мәлім: Григорий Марченко, Әнуар Сәйденов, Елена Бахмутова, Марат Заиров, Ерік Балапанов.

Жазасыздық жаңа қылмысқа жол ашады

Банктің мүшкіл халі туралы сөз болғанда Әнуар Сәйденов миығынан күле отырып, тағы да қайта құрылымдау қажет дегенді айтады. Кредиторлармен және «Самрұқ-Қазына» қорымен келіскен бизнес-модельге әлі қол жеткізе алмағандарын алға тартады. Соның ішінде банктің активтерін (бірінші кезекте шет мемлекеттердегі активін) қайтару мен проблемалық несиелердің жанданбағанын айтады. Шынтуайтына келгенде, басқаша болуы мүмкін де емес еді. Экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайында мұндай даму стратегиясын түзу түбірімен қате, мұндай жағдайда даму стратегиясы мен бизнес-модель пессимистік бағытта болуы тиіс. Сәйденов  мырза бірінші қайта құрылымдау кезінде активтер дұрыс бағаланбағанын, сол себептен екінші рет те нәтиже бермейтінін түсінбей отыр деу қиын. Банктің қайта құрылымдау кезінде көздеген нәтижеге жете алмағанын, ссуда портфелі бойынша күткендегідей пайда түспегенін Сәйденовтің өзі де айтқан болатын. Себебі, банктің борышкерлерімен жұмыс жөнінен де, активті қайтару мәселесі бойынша да банк өзінің мүмкіндігін есепке алмаған немесе асыра бағалаған.

Басқа басқа, 2004-2009 жылдары Қазақстанның Ұлттық банкін басқарған Әнуар Сәйденовтің екінші дәрежелі банктердің жағдайын, соның ішінде қазіргі кезде басына бұлт үйіріліп отырған БТА-Банктің жағдайын білмеуі мүмкін емес. Елдегі қаржылық жүйені қадағалау және дер кезінде тығырықтан шығар жолды табу бас банктің міндеті емес пе еді?

Мұндай процестердің ондаған жылдарға созылатынын ескерсек, қалайша тез арада сот шешімін шығартып, бөлінген қаржыны қайтарып аламыз деген сенімділік қайдан пайда болды? Ссуда портфелінің үштен бір бөлігі ғана пайда әкеліп отырған уақытта оның жанданатынына қалай сенім артуға болады? Мұндай мәліметтерге мән бермеуді кәсіби деңгеймен немесе тиімді кризис-менеджментпен байланыстыру дұрыс емес. Мәселен, пайыздық міндеттемені өтеу үшін банкке 8 миллиард доллар көлеміндегі қаржыны қалпына келтіру керек. Шынтуайтына келгенде, БТА ары кеткенде 3,5 миллиард долларды қайтара алады, оның өзіне де бірнеше жыл керек. Соның өзінде де тек 700 миллион доллар ғана артылады. Сонда БТА-Банк менеджментінің кезінде Қаржылық қадағалау агенттігі қолдаған, бүгінде Ұлттық банк пен «Самрұқ-Қазына» қолдап отырған ескі де жаңа бизнес-моделі нендей теорияға негізделген? Екінші рет қайта құрылымдаудан өткенмен, айтарлықтай өзгеріс болмайды, жұмыс істемей тұрған портфельдің жандануы да екіталай! Әлемдік тәжірибеге сүйенсек те, ешқандай қайта құрылымдау банктердің ең негізгі мәселесін шеше алмайды, яғни банк қаржысын қайтара алмайды. Егер БТА осыны жоққа шығарып жатса, біз өз сөзімізді қайтып алып, «Фитч» агенттігімен бірге олардан кешірім сұрауға  дайынбыз!

БТА-Банктің бұрынғы басқарма төрағасы Марат Заировтың шешендігіне (шамасы, осы шешендігінің арқасында қызметі көтерілсе керек) банктің корпоративтік кешінде сөйлеген бейнематериалын тамашалаған мыңдаған адам куә болды. Заировтың жалынды сөздерінің жанында Кәрім Мәсімовтің Нұрсұлтан Назарбаевқа адалдығы мен бар жан-тәнімен берілгендігі баланың ойыншығы болып қалады. Сөйтсе де, YouTube-тағы бұл бейнежазба БТА-Банктің Заиров мырза өткізген видео жиналысының жанында түкке тұрмайды. Банктің басына төнген бар нәубетті ғимараттың сапасы мен өтпелі кезеңге әкеп тіреген банкирден қандай тиімді шешім, қандай қаржылық стратегия күтуге болады? Артық айтсақ кешірім өтінеміз, алайда, осы сөздерінен кейін бізге Заиров мырзаның өзі өтпелі кезеңде титықтап қалып қойған, дәлірек айтқанда пионерлік-комсомолдық кезеңнен кейін өспеген  адамдай әсер қалдырды.

Осы уақытқа дейін банкте отырған Сәйденов те, «Самрұқ-Қазынадағы» Бахмутова да дағдарыс кезінде банктің басқарма төрағасының өзіне қандай жағдай жасағанына назар аудармады.  Мысалы, Марченконың немесе Сәйденовтің орнында болсақ, біз Заировтың ненің есебінен өзіне және әріптестеріне өте жоғары жалақы және сыйақы қойғанына, жаңа көліктерді ненің есебінен алғанына, аумағы атшаптырым кабинеттерін жасақтауға қаржыны қайдан алғанына назар аударар едік.  Заиров мырзаның банктің басқарушы директоры бола отырып, өзіне 25 мың доллар көлемінде жалақы қойғаны бізді ғана емес, барша жұртты қызықтырады. Бұл премьер-министр Кәрім Мәсімовтің жалақысынан төрт есеге жоғары. Әлде, қарға қарғаның көзін шұқымай ма?..

Мұндай сауалдар, шамасы, басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Бейсенбаевқа да қойылмаса керек. «Авгидің атқорасын» тазалауға айрықша кіріскен Бейсенбаевтың «басшылығы», ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, Заировтан қалған кабинетті қайта жөндеуден өткізіп, жаңа жиһаз алудан басталған (алдыңғы жиһаз бір жылдың ішінде қатты ескіріп қалған көрінеді). Ал БТА-Банктің басқарма төрағасы болып жуырда ғана тағайындалған Ерік Балапанов жөндеу жасамағанмен, қызметтік көлігін жаңалап үлгеріпті. Өзі де VIP қызметтерді көп пайдаланатын Сәйденов мырза өзінің қоластындағыларға мұндай сұрақтарды қоя алмайтын сияқты.

Банктің «кризис-менеджментін» қабылдауға «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры төрағасының қазіргі орынбасары Елена Бахмутова да белсене қатысқаны мәлім. Бахмутова қазіргі кезде БТА-Банктің мажоритарлық акционері. Бұрын ол Қаржылық қадағалау агенттігінің басшысы ретінде қаржы нарығын қадағалаушы болған. Шынтуайтына келгенде, банктің бұрынғы басшыларының күдікті операцияларды жүзеге асыруы, қазіргі кезде қашып жүрген Әблязовтің банктің капиталына қол сұғуы Бахмутова агенттікті басқарып отырған кезге сай келеді. Ештеңеге қарамастан, Бахмутова ханым банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдауды қолдаған, енді осы тартысты әрі тиімсіз тәсілді екінші рет пайдаланбақшы. 2012 жылдың 22 мамырында сөйлеген сөзінде Елена Бахмутова: «Инвесторлар реалист болады, сондықтан БТА-Банктің қайта құрылымдаудан өтуін Қазақстанға сыртқы күштердің ықпалымен байланыстырудың қажеті жоқ. Екінші қайта құрылымдау осыны көрсетеді. БТА-ны қайта құрылымдауға белгілі бір банктің басындағы жеке жағдай деп қарастырған жөн», - деді. Алайда, «белгілі бір банктің басында болып отырған жеке жағдай» салық төлеушілердің есебінен жүзеге асатынын айтпады.

«Мегаполис» газетіне берген сұхбатында Елена Бахмутова қадағалаушы органның негізгі міндеттерін айта келіп, былай деген болатын: «...Қауіп төнген жағдайда жауапкершілік ең алдымен банкке, оның басқару органдарына жүктелуін қамтамасыз етуіміз керек... Директорлар кеңесі мен акционерлер даму стратегиясын жасаған уақытта салық төлеушілердің есебінен жеке меншік қаржылық институтты құтқаруға жол берілмеуін есепке алуы тиіс». Ал енді «Самрұқ-Қазына» басшыларының бірі ретінде оның пікірі неге түбірімен өзгере қалды?

Әрі Бахмутова ханым қазірге дейін БТА-Банктің күйреуіне өзін кінәлі санамайды. «Еуразия бірінші арнасына» берген сұхбатында Бахмутова бұл жөнінде былай деп кесіп айтты: «Жеке өз тарапымнан жіберілген қателіктерді БТА бойынша жол берілген жалғыз қателік деп есептемеймін. Мен мұны субъективті және объективті жағдайлардың қосындысы деп білемін. Жеке өз басыма телігім келмейді».

Бір айта кетерлігі, қайта құрылымдау шарасы Марченко мырзаның үнсіз келісімімен жүзеге асты. Әнуар Сәйденов пен Елена Бахмутованың «Марченконың адамдары» деп есептейтіндер көпшілік. Ұлттық банк төрағасының бұл екеуге әлі де әкелік қамқорлық жасап келе жатқаны да тегіннен-тегін болмаса керек.

Жоғарыда аты-жөні аталған азаматтардың бірде-бірі банктің басындағы мүшкіл жағдайға байланысты жауапкершілікке тартылған жоқ. Ал жазасыздық жаңа қылмысқа жол ашатынын естен шығармайық.

Бас прокуратураның «құлағына алтын сырға»

БТА-Банктің топ-менеджменті таңдаған жол тығырыққа тіреді. Енді қарызға белшеден батқан банкті көп болып көмектесіп, «асардың» көмегімен құтқару шарасы қолға алынатын секілді.

БТА-ның тарихына көз салсақ, бар мәселе Әблязов алып кеткен ақшада ғана емес екеніне көз жеткіземіз. Біздіңше, бұл банкте стратегиялық басқаруда қателіктер болды, инвестициялық шешімдер дұрыс болмады, банк басшылары өздеріне айрықша жағдай жасаудан тартынбады, өздерін жарнамалауға көп көңіл бөлді. Бұған қызметтеріне салғырттық таныту мен дағдарысқа қарсы бөлінген қаржыны қымқыруды қоссақ, банк тек Ұлттық қор мен салық төлеушілерге масыл болып қана қоймай, бүкіл ел экономикасына зиян келтіретінін аңғару қиын емес. Бар бәле банктің бүгінгі менеджментімен кетсе деген тілек бар. Ол үшін банктің жоғарғы басшылығында отырған екі-үш топ-менеджерді құрбандыққа шалу қажет болса, оған ең ойтайлы шешім деп қараған жөн.

Әрине, «Әблязов-гейт» науқанының шуымен бар бәлені экс-банкирге жаба салу өте тиімді. Ал кеткен қателіктер, кәсіби біліксіздік, қаржылық қымқыру сияқты жағымсыз жайттарды «қайта құрылымдау» арқылы жасырып-жабуға болады. Бұл орайда тәуелсіз қаржылық құрылымға аудит жасатып, соның нәтижесін жариялау өте өзекті мәселе. Сондай-ақ, Бас прокуратура мен Қаржы полициясының да назарын аудартқан жөн. Аталған органдар шетелде жүрген экс-банкир мен оның әкеткен қаржысын қайтаруды ғана емес, қолда барды қадағалап, бүгінгі күні банкті құтқару бағытында қандай шаралар атқарылып жатқанына да назар аударғаны жөн.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371