Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2715 0 пікір 10 Шілде, 2009 сағат 11:11

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВҚА,

«НҰР ОТАН»

Халықтық-демократиялық партиясына,

Қазақстан Республикасының азаматшасы

ҚАСАБАЕВА Айнакул Мұратжанқызынан,

Мекен-жайым:

 Алматы облысы, Қарасай батыр ауданы,

Шамалған ауылы, Южный көшесі, 375 үй

 

 

 

          Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВҚА,

«НҰР ОТАН»

Халықтық-демократиялық партиясына,

Қазақстан Республикасының азаматшасы

ҚАСАБАЕВА Айнакул Мұратжанқызынан,

Мекен-жайым:

 Алматы облысы, Қарасай батыр ауданы,

Шамалған ауылы, Южный көшесі, 375 үй

 

 

 

          Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне 

 

Мен, ҚАСАБАЕВА Айнакул Мұратжанқызы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың туған жеріндегі төмендегідей жағдайларды айтып, сол жерде жемқорлық пен парақорлыққа жол берілгенін жазып,  халықтан кешірім сұрағанды жөн көріп отырмын. Сондай-ақ, өз қателіктерімді  мойындап, тек қана шындықты жазып, болған істі баяндағалы отырмын.

 

«АЙРАН  ІШКЕН  ҚҰТЫЛАДЫ,

ТҮБІН ЖАЛАҒАН  ТҰТЫЛАДЫ»

деген мақалдың керіне тап болдым...

 

1997-жылы мен М. Әуезов атындағы орта мектепте мұғалім болып істедім. Бұрынан істейтін ұстаздарға пайға бөлінген тізім бойынша жер алуға 6-шы болып кезекке тіркелдім. Сол жерлер әрқайсымызға еңбек өтіліміне қарай 0,36 га немесе 0,24 га, кезінде суғармалы шабындықтан бөлінген жерлер еді. Ол жерге жеке тұрғын үй салу мақсатында АКТ жасалынып, бекітілген. Онда былай деп көрсетілген: «Шамалған ауылдық аумағы әкімінің 1997-ші жылғы 29-шы тамызындағы №131 шешімі бойынша №0012771 жер теліміне меншік құқығын тұрақты жер пайдалану құқығын беретін АКТ бойынша Қарасай батыр атындағы мектептің ұжымына қосалқы шаруашылығына берілген 8,63 га жері №0012770 АКТ  бойынша М.Әуезов атындағы орта мектептің  ұжымына 8,74 га бойынша бөлінетін тұрақты жер телімін тұрғын үй салу телімдеріне айналдырып, 1997-ші жылғы жасалынған   заңды тізім бойынша берілу керектігі жайында заңдастырылған». 

    Осы кезде, «әкімшіліктен біздерге тиіселі жерлерді 0,08 немесе 0,10 га Северная көшесінен берген жерлерді ұстаздар пайына жартылай беріп, қаладан келген сырттағы бөтен, біздің тізімде болмаған адамдарға қомақты ақшаға сатып жатыр» деп ел-жұрт айтып жүрді. Бізге тиіселі жерлерді дер кезінде бермей, әр түрлі сылтаулармен созбалай берген соң, жер ала алмай  қаламыз ба деген ойлар болып, тізімде тұрған жұрт алаңдап жүрді. Осы ойлармен жүргенімде Шамалған ауылы әкімінің бас маманы Қ.Исмаилова «жұмысыңды бітіріп беремін» деп, менен 1000 АҚШ долларын сұрады. Тиісті құжаттарды жасау үшін осындай ақша кетеді деп, мені 1000 АҚШ долларын беруге мәжбүрледі. Сондай-ақ, «сен мұғалімсің көп адамдармен араласасың, айта жүр, жер аламын деушілер болса, айт» деді. Мен осы жайында өз құрбыларым мен таныстарыма сөз арасында айтқан едім. Аққөңіл басым, басқалар да мен сияқты жер алсын деген мақсатпен айтқанымда, 2007-жылдың мамыр айында МАНКАРАЕВ К.Б., КАТАБАЕВ Т.А., НУПТЕКЕЕВ Д.Р. және ОРАЗАЛИЕВ Б.К. естіп, жер алу мақсатында әрқайсысы 18000 АҚШ долларын мен арқылы Шамалған ауылы әкімнің бас маманы Қ.Исмаиловаға 72 000 АҚШ доллар береді. Содан ол азаматтарға 2007-жылдың 15-қазанында Шамалған ауылы  әкімнің №10-161 Шешімімен жер телімдері беріледі. Ол кезде олар әрқайсысының жерлерін 18000 АҚШ долларына  бағалады. Олар 2 айдан кейін кеткен  әкімге қол қойғызып, ауыл әкімі А.ШЫМШЫҚОВ мөр басып, бас маман Қ.Исмаилова 52 адамның қолына шешімдерін таратады. Мен ол  жерлерді  заңды  түрде  сатылған  шығар деп  ойладым. Ал  менің таныстарымның арасында сұраған ақшаларын беріп, жер ала алмай жүргендер бар. Олар Ж.АЙДАРОВ - 5000 АҚШ долларын, Д.ГАЙНАНОВА - 10000 АҚШ долларын, Б.МИЗАНОВА - 10000 АҚШ долларын, Б.ҚАЛИБЕКОВА - 5000 АҚШ долларын, А.ҚАСАБАЕВА - 1000 АҚШ долларын, А.БАЙМҰРАТОВ - 5000 АҚШ долларын, М.ЗАРИПБАЕВ - 5000 АҚШ долларын және С.МИЗАНОВ - 4000 АҚШ долларын, Ж.ДАНИЯРОВ - 5000 АҚШ долларын, А.УСМАНОВ - 1000 АҚШ долларын, Э.ҚАСАБАЕВА - 5000 АҚШ долларын, Б.БЕЙІСБАЕВА - 40000 АҚШ  долларын берді. Осы  ақшаларды  мен арқылы 2006-2007-шы жылдар  арасында Шамалған ауылдық әкімдігінің бас маманы Қ.Исмаилова алды.

 Берген ақшаларымызды ала алмай мысымыз құрыған соң,  2009-жылдың 27-ақпанында мен осы жағдайларды «Қарасай ауданы, Алматы облысы Қаржы  полициясының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес департаменттінің төрағасы А.Б.Каримовқа Шамалған ауылдық әкімдігінің бас маманы Қ.Исмаилованың үстінен қызмет бабын жеке бас пайдасы үшін пайдаланғаны, адамдарды алдап, адастыру жолында жасаған алаяқтық іс әрекеттері үшін қылмыстық іс қозғауын  өтінген» арыз жаздым. Алайда, 2009-жылдың 11-ші мамырында қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандығы туралы жауап хат  алдық.

Біз Шамалған ауылдық әкімдігінің бас маманы Қ.Исмаиловаға жолыққанымызда, «мен сендерден ақша алғаным жайында қолхат бердім бе, мен сендердің өздеріңді маған пара берген деп, көздеріңді құртамын» деген соң, біз ауыл әкімі А.Ж. Шымшықовқа жолығып, Шамалған ауылы әкімінің бас маманы Қ.Исмаилованың күйеуі Серіктің өзімізге қайтарып берген ақшасы жайында жазылған қолхатын көрсетіп, қарамағындағы  Қ.Исмаилованың алған ақшаларын өзімізге түгелдей  қайтаруын  талап  еттік. Ол  кісі «шулатпай қоя тұрыңдар, мен  Қарлығашпен өзім сөйлесемін, реттеп береді», - деді. Әкімнің сөзіне сеніп, әкім айтқанында тұрар дедік. Сөйтсек, олар ауыз жаласып, біздің басымызға қара бұлт төндірген қызметкерінің заңға  қайшы іс әрекеттерін жасырып, өзімізге қарсы шықты.

    Дамыған елу  мемлекеттің қатарына  қосыламыз  ба  деп  жүргенде, мынадай бассыздыққа жол берілгені жанға батады. Қоғамда тамырын тереңге жайған жайттардың шындығын жасырмай айтуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін. Осы шындықты аяғына дейін шығаруға басымды тіккен жанмын, ел алдында ақталып шығуды мақсат тұтып, қандай жаза  болса да алуға дайынмын. Осы жемқорлардың шырмалған торына түсіп, азап пен мазақтың тозағында тұншыққан кездерім үшін  өкінемін.

     Осы шырылдаған жәбірленуші азаматтар қазіргі уақытта  мені 1-жылға бас бостандығымнан айырып, әке-шешем салып берген үйімді сот  шешімімен  Б.БЕЙІСБАЕВА 40000 АҚШ долларын қайтару мақсатында алайын  деп жатыр. Менің жаныма бататыны бұл емес, маған сенім артқан азаматтардың  аманатын аяғына  дейін  жеткізу, яғни жер телімін алып беру немесе ақшаларын  қайтарту.

 Осы жағдайларды  тексеруді құзырлы  заң мекемелеріне тапсырып, өз  бақылауларыңызға  алуды  өтінемін.

 

Өздеріңізге деген зор сеніммен,

ҚАСАБАЕВА Айнакул Мұратжанқызы

 

РЕДАКЦИЯДАН:

Басылымымыздың электронды поштасына келіп түскен осынау үшбу хатты - Айнакүлдің жанайқайын жариялауды жөн деп таптық. Және жәй ғана жариялап қоймай, мәселенің ақ-қарасын анықтауға атсалысуға бекіндік. Сондықтанда бүгін «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заңға сүйене отырып, Алматы облысы Қаржы  полициясының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес департаментінің төрағасы А.Б.КАРИМОВ мырзадан Қарлығаш Исмаилованың үстінен қылмыстық іс қозғаудан неге бас тартылғаны туралы тұшымды жауап күтеміз.

Сол сияқты аталған мәселені Президент Әкімшілігі мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өз бақылауына алады деген үміттеміз.

«Қазақстан» апталығы. 08. 07. 09

0 пікір