Ұйғырлар Қалқамандағы зират басына барып қаралы жиын өткізді
Шыжаң-Ұйғыр автономиялы ауданыдағы Үрімжі қаласында болып жатқан жергілікті ұйғырлар мен қытай азаматтарының арасындағы қанды қақтығыста қаза тапқан қандастарын аза тұтып біздің елдегі ұйғыр ұлтының өкілдері мен жалпы мұсылмани жамағат жұма күнгі намаздан кейін Алматыдағы Қалқаман ықшамауданында орналасқан зират басына жиналды. Қаралы жиынға келген адамдар қарасы айтарлықтай көп. Бірден айта кетуіміз керек, бақилық болған бауырларына алақан жайып, дұға тілеуге ниет қылған жандардың бәріне құдайы асты ұйымдастырушы азаматтар ашуға бой алдырмай, сабыр сақтауды алдын ала ескертіп қойды.

Жиналған жұртшылыққа арналып мал сойылып, кең-молымен дастархан жайылыпты. Арнайы әзірленген қара-көк ленталар зират басына келген бұқара қауымға тегіс таратылды. Тіпті, ұйғыр диаспораларын айтпағанда, қызмет бабымен жүрген журналистер де, тың-тыңдаған арнаулы қызметтің адамдары да әлгі лентадан «ауыз тиді». Отырыс ең алдымен қайғылы қазаға ұшырағандарға Құран сауабын бағыштаудан басталды. Бұдан кейін талайды ажал құштырған қанды оқиғаға байланысты халыққа белгілі азаматтар сөз сөйледі. Өз кезегінде қоғам қайраткері Хасен Қожа-Ахмет: «Бұл өте үлкен ауыр жағдай. Мұндай кезде ұйғыр бауырларымызға қолдан келгенше демеу болып, жәрдемдесуіміз керек. Ашуға жеңдіріп, атқа қонудың қажеті жоқ. Барлығын бейбіт жолмен шешкен жөн», - деп түсіндірді. Сонымен қатар, басқа да бірқатар елге танымал тұлғалар өз ойларын ортаға салып, қайғылы қазаның ауыртпашылығын бірлесе көтеруге әзір екендіктерін білдірді. Жиналғандар арасында Жасарал Қуанышәлі, Айсұлу Қадырбаева сынды белгілі қайраткерлер де жүрді. Бұған қоса, жергілікті әкімшілік орындары, Парламенттегі Ассамблеядан сайланған депутат мырзалар, және басқа да билік өкілдері аталған жиынды қолдайтындықтарын айтқан. Бастамашы топтың мәлімдеуінше, ұйғырлардың ішінде қырық күнге дейін ойын-сауық, той-томалақ деген мүлдем болмауы тиіс. Былайша айтқанда, қырық күн қаралы деп саналады. Жұрттың сөзіне сенсек, мұндай жиын алдағы аптаның алғашқы күнінде тағы да болатын көрінеді.
«Абай-информ».