Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2361 0 пікір 6 Маусым, 2012 сағат 07:53

Шәріпхан Қайсар. Мемлекеттік Бағдарлама бойынша салынған молалар

Бұған дейін анда-санда айтылып келген жаңа құрылыс сапасының нашарлығы көпқабатты үйлердің солайымен құлау «жаңалығына» ұласып отыр. Қарағандыда о дүниеге онсыз да тартатын «Бесоба» аталған (Қай «мықты ұлтшыл» солай атады десейші?!) мистикалық атауы бар қала маңайындағы салынған көпқабатты үйдің бір бөлігі  жұрттың көзінше, кескен теректей сұлап түсті. Абырой болғанда адам шығыны болмады. Адам шығыны болмады деген сөз әлгі қыруар құрылыс қаржысы жай ғана есептен шығарылып, арты «қой, болдыға» ұласады дей беріңіз. Ол үшін ешкім жауап бере қоймас, себебі, оның артын ойдағыдай бітіруді біздегі жемқорлық «инфрақұрлымы» келістіріп қолға алатыны түсінікті. Өйткені, сол құрылысты салғанда бөліскен жергілікті билікті тағайындаған ортаңғы билік те, оны таққа қонжитқан жоғарғылар да сетінеместен ондаған жылдар отырғанына кімнің күмәні бар? Қайдағы бір көпқабатты жаңа үй 2-3 жылға жетпей құлап түсті деп орнын босататын, не сотталатындай не көрініпті?

«Мегополис» газетінің жазуына қарағанда, сол көпқабатты үйдің «трюгін» індету мақсатында жаппай тексеріс нәтижесі елдегі тұрғынжай құрылысының бетімен кеткендігін ресми түрде айтылатындай «құрылысшылардың көптеген ереже бұзу көріністерін» анықтапты.

Кәзіргі кезде Қарағандының «Бесоба» маңайы шынында да құрылыс обасына айналатын түрі бар. Қысқасы, бұдан 5-6 жыл бұрын елдің қалаларын билеген «биші крандар» билігінің әуселесіне де, оның қырманына да енді тоятын болдық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395