Сенбі, 23 Қараша 2024
3575 3 пікір 23 Тамыз, 2021 сағат 15:58

Талибанның билігі: үнділерді не күтіп тұр?

Ауғанстандағы сикх пен үнді азшылықтарының қауіпсіздігі мен болашағы туралы белгісіздік жалғасып жатқан кезде, ауғандық сикх қауымдастығы 16 тамызда Кабулда Талибан өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Indian Express арнайы хабарлама таратты. 

Кездесуден кейін сикх қауымдастығының өкілдері тәлібтердің оларға "бейбітшілік пен қауіпсіздікке" кепілдік бергенін айтты.

Кабулдағы "Карте Парван Гурдвара" (Сикх храмы) президенті Гурнам Сингх The Indian Express-ке телефонмен хабарласып, Талибан билікті өз қолына алғаннан бері 300-ге жуық адамның "Карте Парван гурдварасына" пана іздеп келіп, жасырынғанын айтқан.

"Гурдварда Талибан өкілдерімен өткен кездесуде сикх пен үнді азшылықтарының қауіпсіздігі мен тыныштығына кепілдік берілді. Талибан қауымдастықтар елден кетудің қажеті жоқ, олар осында бейбіт өмір сүруді жалғастыра алады және өз дінін ұстана алады, діни рәсімдерге ешқандай кедергі болмайды деді. Олар бізге қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда хабарласа алатын нөмір берді", - деді Гурнам Сингх.

Ол Джалалабад пен Газниде тұратын сикх пен үнді отбасылары да Кабулға келгенін және олардың барлығы қазір Кабулдағы екі гурдварды паналағанын айтты.

Бұл елде бір кездері 100000-нан астам сикх пен үнділер мекендеген. 1992 жылы моджахедтер билікке келгеннен кейін бұл азшылықтардың Ауғанстаннан жаппай кетуі орын алды. Алайда, сикхтер мен үнділердің Ауғанстаннан кетуінің соңғы себептері 2018 және 2020 жылдары болған қанды шабуылдар еді. Екі шабуылдан 44 үнді қаза тапқан болатын.

Алайда, Талибанның жаңа кепілдіктеріне қарамастан, сикх пен индуизм қауымдастығының жергілікті мүшелері елден кетуге дайын. Себебі тәлібтер үнді әйелдерінің ислам шарттарына сай киіну керектігін айтып отыр.

Екі қауымдастық та мүмкіндігінше тезірек кетуге мүмкіндік іздейтінін айтады. Олар Үндістан, Канада, АҚШ немесе өзге елге қоныс аударуға дайын.

"Енді біз Талибанның бұрынғы билігі кезіндегі қайғылы оқиғаларды еске алғымыз келмейді, себебі бұл бізге қиындық тудыруы мүмкін. Біз бұл жолы Талибан уәделерін орындайды деп үміттенеміз. Бірақ сикх пен .үнді отбасыларының көпшілігі кетуге дайын. Біздің жүгіміз жинаулы. Біз Үндістанның немесе басқа елдің бізді эвакуациялауын күтіп отырмыз", - деді cикх өкілі.

Талибан 21 тамызда Үндістан әскери-әуе күштерінің (IAF) ұшағына отыруға аттанған 72 ауғандық сикх пен үндінің, оның ішінде екі ауғандық  депутат Нариндер Сингх Халса мен Анаркали Каур Хонорярдың тобын тоқтатып, олардың елден шығуына тыйым салды.

Үндістан пуштундар Пәкістаннан бұйрық алып, Ауғанстандағы үнді мен сикхтарды қуғындауы мүмкін деп секемденіп отыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404