Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6442 18 пікір 24 Тамыз, 2021 сағат 12:24

"Тәңір" деген қазақ "мұсылманмын" деген қазақпен айтыспасын

"Тәңір" деген қазаққа "мұсылманмын" деген қазақпен айтысып-тартысудың еш қажеті жоқ. Ол ешқандай мағынасыз айтыс болады.
"Тәңір" деген қазаққа өз жұртының дүниетанымын, түсінігін, дәстүрі мен салттарын айтып, оның Тәңірлік бастауына назар аударса жеткілікті.
Ұлттық тәрбиемен өскен жан оны тез ұға қояды.
Ол оның қанына сіңген қасиет.
Екіншіден, Қазақ ұлтының тарихы өте терең екенін айту керек.
Қазақ даналығын құлаққа құю керек.
Дін догмасы мен ертегісін шынайы тарихи баянға ауыстыру керек.
Шынды шын, өтірікті өтірік деуге үйрену керек!
Сонда әр қазақта тарихына деген мақтаныш, өзіне деген сенім туады. Намыс оянады, онымен бірге "Мен қазақпын!" деген өр сезім пайда болады... Тамырын табады...
Өткеніне құрмет артады.
Ол бүгінгі тәуелсіз мемлекет қалыбына жалғасып, халық өзін өзі жаңадан тани бастайды.
Ұлт болып бірігу процесі жылдамдайды.
Мемлекеттілігі күшейе түседі.
Осы функцияны қазір ешбір дін атқара алмайды.
Олардың қара қазаны қайшылықты талас-тартыстан қайнап жатыр.
Ешбір дінде өзара ымыра жоқ.
Ондай жерде береке- бірлік те жоқ...
Қазақ "бүлінгеннен бүлдіргі алма" демеуші ме еді!
Ол осы себептен айтылған!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377