Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2198 0 пікір 12 Шілде, 2009 сағат 18:09

Ресейдің ДСҰ-ға кіру ұстанымының күрт өзгеруі Кедендік одақ мүшелерінің мүддесін ескермеу емес пе?

Алексей ВЛАСОВ, Посткеңестік кеңістікті зерттеу жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры, ресейлік саясаттанушы:
– Алдымен Медведевтің сөздерін еске түсірейікші: «Президент Обама менен «Ресейдің ДСҰ-ға енбек ойы бар ма» деп сұрады. Бұл сауалға еліміздің атынан жауап берейін, Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына енгісі келеді. Және оған соңғы жылдары жеткен жетістіктерімізбен барамыз», – деген болатын. Егер Кедендік одақты «жеткен жетістіктердің» қатарында атайтын болсақ, Ресейдің Обаманы қарсы алғанға дейінгі және одан кейінгі ұстанымының арасында ешқандай да қарама-қайшылық жоқ. Дегенмен Астана-Мәскеу-Минск үштігінің арасындағы интеграцияға әсер етіп жатқан «экономикадан тыс» ішкі себептер тым көп. ДСҰ-ға бірлескен түрде енудің сәтті жүзеге асатындығына кепілдік беруге ешбір сарапшының да дәті шыдамас еді. Сондықтан қайталап айтайын, Барак Обаманың Кедендік одаққа деген көзқарасы бейтарап және бұл тақырып оны қызықтырмайды.

Оразалы СӘБДЕН, академик, экономист, заңгер:
– Бұл жерде саясат бірінші кезекке шығып отыр. Ал саясат бар жерде міндетті түрде мүдде болады. Кедендік одақ негізінде кіру біз үшін тиімді болатын еді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, Ресейдің мүмкіншілігі мен дайындығы өте жоғары деңгейде. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ниетін ашық білдіруі – осының айғағы. Медведев пен Обаманың кездесуіндегі Ресей жағынан айтылған пікір Ресейдің ДСҰ-ға кіргендігін білдірмейді. Дүниежүзілік сауда ұйымы қабылдау емтиханы арқылы бірнеше баланы оқуға қабылдайтын университет емес. Мүшелікке өтудің қиыншылығын 13-14 жылдан бері келіссөздер жүргізіп келе жатқан біз жақсы білеміз. Бұл ұйымға Кедендік одақ елдерінің бір мезгілде енуі шарт емес. Біз ДСҰ-ға Ресейдің көлеңкесінде жүріп өтуді емес, тауарларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дайындығымызды күшейтуді ойлауымыз керек. Ең бастысы, Кедендік одақ елдері үкіметтерінің арасында бірігіп қадам жасау туралы келісілді. Жақында Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың отырысына қатысып келдім, сол жиында келесі жылдың басында Кеден одағы мемлекеттерінің біріккен комитеті ашылатыны белгілі болды. Ал бұл дегеніміз – үлкен шаруа.

Досым СӘТПАЕВ: Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы:
– Бұл тақырыптағы Медведев пен Путиннің көзқарасы бүгін қарама-қайшы келіп отыр. Екеуі екі түрлі сөйлейді. Соған қарағанда өздері де не істеу қажеттігін шеше алмай екіойлы жүрген сияқты. Мұндай жағдайда Қазақстан да келіссөздерді тоқтатпай, өз алдына жалғастыра беру керек.
Бастапқыда, Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына Кедендік одақ болып кіру туралы шешімі бәрімізді де таңғалдырған болатын. 16 жыл бойы жалғасып келген келіссөздерді қалайша кілт тежей қояды дестік. Сөйтсек олай емес екен. Іс жүзіне келгенде Қазақстан да, Ресей де, Беларусь та ДСҰ-ға ену жөніндегі келіссөздерді тоқтатқан жоқ. Әсіресе, Ресей мен Қазақстан жекелей әрекет ету мүмкіндігін сақтап қалғысы келді. Айта кету керек, осы тұста Қазақстан саясаткерлері өзін сауатты ұстай білді. Өз басым, ДСҰ-ға Кедендік одақ болып ену Қазақстан үшін аса бір үлкен жетістік деп есептеймін. Бұдан, негізінен, Ресей ұтады. Себебі Ресей алдымен үш бірдей нарықты өз ырқына бағындырып, тауарларының сатылу арнасын кеңейтіп алғысы келеді.

Сауалнаманы дайындаған Сәкен Көкенов
“Алаш айнасы” газеті 11 шілде 2009 жыл

0 пікір