Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3377 1 пікір 30 Тамыз, 2021 сағат 15:22

Мұнай дәуірі аяқталып келеді

Мұнай заманы аяқталып келеді. АҚШ соңғы 30 жылда болмаған, өзінің стратегиялық резервіндегі мұнайды жаппай сатуға хабарландыру берді. Наурыз айының аяғында стратегиялық резервте 621 млн баррель мұнай болыпты. Мемлекеттік қордан соның 20 млн барреліне аукцион болатын болды. Аукцион тамыз-қырқүйек айларында өтеді және бұл 1991 жылдан бері болмаған аса ірі бір реттік аукцион болады деп күтіліп отыр. Соңғы рет АҚШ-та осындай ірі аукцион 1991 жылы Кувейттегі соғыс кезінде жүзеге асыпты - 30 млн баррель мұнай сатылып, әлемдік нарыққа мұнай жеткізу соның арқасында тоқтапты.

Жалпы 1970 жылдардан бері жинақталып келе жатқан стратегиялық резервтегі мұнайды сату Обама кезінде басталыпты. 2017 жылы резервтен 31,3 млн баррель мұнай алыныпты. 2018 жылы 14,6 млн, 2019 жылы 14,2 млн, 2020 жылы 12 млн баррель мұнай аукционмен сатылған. Жалпы АҚШ 2027 жылға шейін 270 млн баррель мұнайын сатпақшы екен.

Осының салдарынан АҚШ нарығы жаңа биіктерге көтерілді. Қор нарығы аспандап тұр. Оның үстіне Pfizer мен BioNTech вакциналары толықтай мақұлданды. Инвесторлар мұны жақсылыққа балап отыр - енді вакциналау күшейеді, карантин енгізу мүмкіндіктері азаяды. Өз кезегінде бұл да өмірдің бұрынғы қалыпты арнасына түсуін жеделдетеді.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329