Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2958 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 09:47

Шаханов Мусиннің "жобасы" ма?

Ресейлік сайттардың (bezpontow.ru) бірінде «Президент әкімшілігінің жетекшісі қоғамдық пікірді толық қадағалап отыр, ресми және жалған оппозциялық баспасөзді, Мұхтар Шахановтың ұлтшыл-патриоттарын да сол басқарады» деген ақпарат жарияланды. Осыған орай ақын қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың пікірін білген едік. Ақын былай деді:

- Айта береді ғой. Бірақ, менің ұстанған өмірлік бағытым бар. Оны түсіну үшін менің «Бүгінгі дәуірдегі ақындық-азаматтық ұстанымым» деген өлеңімді ұғынуы керек әркім. Алдымен сол өлеңімді оқып берейін:

Өлең құрау - ақындықтың көп қырының бір түрі.

Тек сол үшін оны ардақтау, жөнсіздеу һәм күлкілі.

Дәуірі мен билігіне саналғанмен алымды,

Ұлтын сатқан ақындар бар, бірақ жыры дарынды...

Ерлігі жоқ, елдігі жоқ, аузы ғана белсенер,

Сөзден ісі алшақ жатса, оған қалай ел сенер?

Неге бүгін ұлт мүддесі науқас жандай теңселер?..

Мұндай шақта ақындық күш тек шындықпен

өлшенер.

Нағыз ақын әр кезеңде өзін қағып үлестен,

Ұлттық рухи мүдде шыңы - шындық үшін күрескен.

Шындық кәусар ақындыққа болу керек асыл ән,

Шындықты айтып ер Махамбет айырылған басынан.

«Ақындар аз сын сағатта сөзден ісі зорайған»,

Десектағы «Абай қашан жол іздепті оңайдан?»

Ел, ұлт жайлы сырларымен,

Жыры биік тұрғанымен,

Ісі үшін мен Махамбетті биік қоям Абайдан!

Бұл адамдық ұстанымым қалыптасқан талайдан.

Кім таныса Махамбетті шындығынан танысын.

Халқын мұңға қалдырғанмен,

Сатқынға бас алдырғанмен,

Еңкейтпестен сақтай білді ол ұлтының өр намысын.

Жұрт сондықтан пір тұтады Махамбеттей арысын!..

...................................................................................

Күрес әлі жүріп жатыр шындық үшін, ар үшін...

Шындығы жоқ пенделерді басар уақыт көшкіні.

Даңққа мойын созғанымен,

Том-том өлең жазғанымен,

Шындығы өлген ақындардың ақын емес ешбірі!

Шындығы өлген мінезсіздік болмақ кімнің мақтаны?

Қазір барлық салаларды мінезсіздер қаптады.

Басшыларға жағымпаздық бұл кезеңде дара күш,

Содан ақынсымақтардың көбі «туфли жалағыш».

Шыншыл ақын болу деген - азаптың ең азабы,

Сол азапқа төзе білу - ғажаптың ең ғажабы.

Соңғы он жылда өз тілімде, ой-санамда жаңғырар,

Бір жақсы өлең оқымаппын өзімді таң қалдырар.

Қаншама жыр жаңалықсыз, түйсігі жоқ, алды бар,

Сөз тіркесі негізінде тек ұйқасы сән құрар.

Ақындық күш - айтылмаған ой-сезімдер жиыны,

Ол биіктен бой көрсету - қиынның ең қиыны!

Басты мақсат - өз халқыңның сан ғасырлық ағысын,

Жеңісі мен жеңілісін, тілін, рухын, намысын,

Жүрегіңнің санасынан, елегінен өткізу,

Және оның қасіретін,

Ұлтқа, тілге бас иетін,

Қалың елге жырмен, іспен, мінезіңмен жеткізу.

Жеткізе алмай дірілдесең... ол - шошыну, тосылу,

Үркектердің, қорқақтардың қатарына қосылу.

Ондайлардың маңдайына мәңгілікке сор қатқан,

Ешқашанда шыншыл ақын шыққан емес қорқақтан!

Ал біз болсақ тілді қорғап, рухты қолдап отандық,

Тілден қашқан құлықсызға,

Космополит ұлтсызға,

Елден ерек «әсіре ұлтшыл», «халық жауы» атандық.

Ақынға егер рухына сай күрескерлік қонбаса,

Одан үлкен өріс күту, жеңіс күту далбаса!

Міне, менің ақындық, азаматтық ұстанымым. Осы күрес жолында келе жатырмыз. Мен ешкімге басымды имеймін. Билік басындағылардың көпшілігіне ұлт керек жоқ, тіл керек жоқ, рухани құндылықтар керек жоқ. Олар қарын мүддесін ғана алға шығарды. Сондықтан оларменен бізді араласты деу, байланысты деу бұл - пенделердің айтып жүрген шаруасы. Мен ақындық ұстанымымнан ешуақытта айныған емеспін. Мен Қазақстанның бірде-бір наградасын алған адам емеспін. Өйткені, «Отан - біздің ең үлкен анамыз, әркім өз анасы үшін жасаған қызметіне жылу, мадақ дәметпеу керек, бірақ, өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт» деген ұстанымым бар. Бұған ешкім қарсы емес. Бірақ, ол өте әділетті болуы керек. Ал, қазір кез келген ұрының, түрмеде шіруге тиісті ұрының екі өрден, үш медалы бар. Солардың қатарында жүргім келмейді. Менің Қазақстаннан алған құрмет қағазым да жоқ. Шетелдің сыйлықтарын аламын. 25-тен астам мемлекет маған өздерінің әртүрлі деңгейдегі марапаттарын берген. Сондықан мен өз ұстанымымен келе жатқан адаммын. Билікке жалпақтамаймын. Міне, қазір жарты жыл болды «Жалын» журналын тегін шығарып келеміз. Ешкім бізге айлық бермейді. Өйткені, билік жағаласып жатыр бізбенен. Журналды шығармай жатыр. Сондықтан, біз елдік, ұлттық мүдде төңірегінде келе жатырмыз, әйтсе де, қолымызда күш жоқ.

Сұхбаттың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/859 оқи аласыздар.

0 пікір