Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2744 1 пікір 1 Қыркүйек, 2021 сағат 22:44

Қ.Ержан: Жыл сайын  бюджеттен халықтың тыныс-тіршілік ету инфрақұрылымын дамытуға қыруар қаражат бөлінеді

Мәжілісінің депутаты, «NUR OTAN» партиясы фракциясының мүшесі Құдайберген Ержан еліміздің инфрақұрылым нысандарының құрылысына және қайта жандандыру жұмыстарына бюджеттен бөлінген мемлекет қаражаттарын атқару органдарының мардымсыз пайдалануы және игеруге қатысты мәселе көтеріп, Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдады.

Жыл сайын  бюджеттен халықтың тыныс-тіршілік ету инфрақұрылымын дамытуға қыруар қаражат бөлінеді. Алайда, жыл сайын аяқталған бірақ жұмыс істемейтін немесе жылдан жылға аяқталмайтын нысандарға, жобалы-сметалық құжаттамаларды түзетулерге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, сапасыз істелген жұмыстарға кезігеміз. Осының бәрі аталған салаларда мемлекеттің басты мақсаттарына (сапалық коммуналдық қызметтерді тоқтатпай жеткізуді қамтамасыз ету) жетуге және мемлекет қаражатының айналымсыз тұрып экономикамызға кері әсерін тигізуде.

Өздеріңізге белгілі, Елбасының қолдауымен 2013 жылы «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталып, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарын табиғи газқа қосу мүмкіндігі пайда болды.

Дегенмен, бітіп тұрған газ құбырларын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ эксплуатацияға алмай отыр. Оған себеп, тапсырыс беруші ретіндегі әкімшіліктердің және эксплуатациялаушы мекеме болып табылатын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасындағы әрекеттердің келісілмеуі және әрекеттердегі тұжырымдамалық шешімдердің болмауы. Нәтижесінде тапсырыс беруші қабылдаған нысандар пайдалануға берілмейді, сол арқылы газ құбыры түріндегі мемлекет қаражаты ондаған жылға айналымсыз қалады.

Айқын мысалдардың бірі ол - Түркістан облысының Сарығаш және Келес аудандары. Сарыағаш ауданының 13 елді мекені және Келес ауданының 6 елді мекені, жалпы алғанда 80000 жуық халық газбен қамтылмаған. Алайда, аталған елді мекендерде ішкі газ жүйелерінің құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, Таскескен ауылындағы АГТС-тың құрылысы 2013 жылы аяқталып, бірақ пайдалануға 8 жыл өткен соң 2021 жылғы 5 тамызда берілді. Өз кезегінде, Сарыағаш ауданының әкімшілігі ағымдағы жылғы 11 тамызда Facebook парақшасына символды түрде газ алауы жағылып, Бағыс және Тегісшіл ауылдарының тұрғын үйлері, сонымен бірге, Сарыағаш ауданының 38 елді мекені, Келес ауданының 39 елді мекені газдандырылды деп жариялады. Алайда, жоғарыда жазылғандай «символды түрде газ алауы жағылды», иә, бәрі расында да символды түрде өтті, себебі аталған елді мекендер газға қосылмаған. Ағымдағы жылдың 19-27 тамыз аралығында өңірлерге сапарымыз аясында аталған елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, осы жағдайларға көз жеткізілді.

Мұндай жағдай еліміздің басқа өңірлерінде де бар екенін атап өту қажет. Бүгінгі күні эксплуатациялаушы мекемелердің теңгеріміне берілмеген нысандардың жалпы саны 1227 құрайды, оның ішінде 143 нысан құжаттамамен толық жинақталмауы себебінен (құқық белгілейтін және атқарушылық-техникалық құжаттаманың болмауы), сондай-ақ құрылыс барысында жіберілген техникалық бұзушылықтардың салдарынан проблемалық болып табылады.

Нәтижесінде, газ құбырлары ұзақ уақыт бойы жергілікті атқарушы органдардың теңгерімінде болады. Бұл өз кезегінде қауіпсіз және үздіксіз газбен жабдықтау тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, газбен жабдықтау объектілері олар бойынша құқық белгілейтін құжаттама жоғалған жағдайда иесіз қалуы мүмкін.

Жоғарыда аталғанның негізінде келесі мәселелерді қарастыруды сұраймын:

Құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылған нысандарды эксплуатация жасаушы мекеменің теңгеріміне өткізу шараларын мерзімін қысқартып оңтайландыруды.

Инфрақұрылымдық нысандар құрылысының жобалы-сметалық құжаттамасын дайындау және техникалық қадағалау жұмысын жүргізу кезінде «ҚазТрансГаз» АҚ сияқты салалық мекемелердің қатысуын.

Жауапты «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес беруді сұраймын.

    Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322