Сенбі, 19 Қазан 2024
Жаңалықтар 2106 0 пікір 14 Маусым, 2012 сағат 08:22

Қажымұқан Ғабдолла. Жалпыұлттық құрылтайды кімдер жасағалы жатыр?

Қазақ қоғамының шешімі қордаланған, түйіні шимайланған мәселелері күн сайын көбейіп барады: жұмыссыздық, жемқорлық, тәлкекті тұрмыс, қаптаған қылмыс, ҰЛТты ату, БҰТты сату (Біріңғай Ұлттық Тестілеу) т.с.с.
Менің көріпкелдік ештеңем жоқ, бірақ, осыдан бірнеше жыл бұрын, мен Ақтау мен Ақтөбеде, Тараз бен Боралдайда діннің шуы, Жаңаөзен мен Шетпеде адамның қазасы, Арқанкергенде аласапыран болмай тұрғанда, ең тұрмысы төмен, ең әділетсіздігі басым еліміздің батысынан бастап, барлық аймақтарда кезек-кезегімен Қазақ құрылтайын өткізіп, қазақтың бүгінгі мүшкіл халін, мұң-зарын, арман-мақсатын тыңдайық, ішкі қыжылдарын басайық, жоғарыға жеткізейік, тұрмыстың түзелуін, жұмыстың табылуын талап етейік, дейтін бастама көтерген едім...
Сол кезеңде Алматы мен Астанаға шапқылап, елдің алдындағы азаматтармен, ұлттың тұтқасын ұстаған тұлғалармен ақылдастым. Жүрек құрғыр бірнәрсені сезгендей асығып-үсігіп, қапылып-шашылып едім...
Қазір ойлап отырсам: сонда менің бастамамды сөз жүзінде қуаттаған сыңай танытқанымен, шын мәнісінде, мені түсініп-түйсінген, қолдап-қолғабыс еткен ЕШКІМ болмапты...

Мұңсыз қазағым баяғы бейберекет-берекесіз қалпымен жүзге бөліп, жүйдек сөйлеп; руға айырып, айқай салып жүргенде, көп ұзамай, Ақтау мен Ақтөбеде, Тараз бен Боралдайда біз бұрын білмейтін бүліктер бұрқ етті; Жаңаөзен мен Шетпеде жазықсыз адамдар құрбан болды; Арқанкергенде көкөрім жастар шейт кетті...
...Сөйтсем, қазір «Қазақтың қамын күйттеп, ұлтымыздың жоғын түгелдейді» дейтін Жармахан Тұяқбай, Ғазиз Алдамжаров, Серікболсын Әбділдин, Балташ Тұрсынбаев, Әмірбек Тоғысов ағаларым қастарына Әділ Тойғанбаев, Серікжан Мәмбеталин, Дастан Қадыржан, Розани Исмаилова сынды «түрі - қазақ, тілі - орыс» қандастарын қыстырып, онысымен қоймай, ойдан қашып, қырдан қосылған діні жат, ділі бөлек, тілі басқа Виктор Ковтуновский,  Сергей Дуванов, Евгений Жовтис, Сергей Зелепухин, Андрей Чеботарев, Петр Своиктермен бірігіп, Жалпыұлттық Құрылтай жасауға «белсене кіріскен» жұмыс тобын құрыпты.

...Қажымұқан Ғабдолла дейтін нағыз қазақтың ұйымдастыруға ұмтылған Құрылтайына «қару алып», қарсы шыққан қазақ көкелерім: «Бізге екінші Назарбаевтың қажеті жоқ» деген Дувановтың, «Көп жоғалтпай, шығын шығармай, транзитті билікке қол жеткізе алмаймыз» дейтін Жовтистің, «Құрылтай дегеніміз - қоғамдық парламент» деп шатасқан Ковтуновскийдің сөзін тыңдап, шашбауларын көтеріп, шыға келіпті...

Атам қазақтың: «Өзіңнен тумай - ұл болмас. Сатып алмай - құл болмас» деген  даналығын ұмыту - кешірілмес күнә. Дуванов пен жовтистердің қазаққа жаны ашитындығына өз басым мылтықтың дүбінің, қылыштың жүзінің астында тұрсам да, сенбеймін... Сенгім де келмейді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір