Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4249 6 пікір 6 Қыркүйек, 2021 сағат 17:07

Ресейдің кезекті іріткісіне бұлқан-талқан болмайық

АЭС-ты салу тақырыбы жоқ жерден неге қайта көтерілді? Бейбіт күнде жарылыстан ес жинай алмай отырғанда, бұл көрші елдің ісі емес пе? Алдыңғы айда Ресейдің премьері келген соң, арасы суымай, президент шұғыл түрде іс-сапармен барғанда қыспаққа алмады ма? - деген үрейлі сұрақтар жекеге келіп жатыр.

Жалпы мұндай сұрақтар көрші елден жерге қатысты жүйкені жұқартатын тақырыптар қозғалса болды, қаптап кетеді. Осыған орай, жерге, тілге қатысты Ресейдің елімізге іріткі тудыратын іс-әрекеттерінен сабақ алып, иммунитет қалыптастыратын кез келді.

Алдымен мына жайтты ашып алайықшы:
1. Ресейде, Қытайда, батыс елдерінде Сібір, Орынбор, Астрахань, Ор, Омбы басқа елді мекендердің қашан және қалай орыстардың иелігіне өтіп кеткендігі туралы тарихты жақсы біледі. Өкініштісі сол, өзіміз, әсіресе жастар білмейді.

2. Аштық заманда басқа ұлттарды жер аударғанда соңғы нанын бөліп бергеніміз де біздің елге көзі түскендерге мәлім. Бұдан түйетініміз — қазақ жерінде кез-келген ұлт қазақтан еркін әрі бай!

3. Біз ешқашан тәуелсіздігімізден айырылмаймыз. Өткеннен алған сабақ және отыз жыл қанатымызды кең жайған бізді әлеуметтік жағдай сындырса да, жерді қорғауда ешкім сындара алмайды. Тіпті, өзін алпауыт санайтын Қытай да!

4. Ресей Федерациясында мұсылмандар, оның ішінде түркі бауырларымыз көп. Бір Татарстанның өзі не тұрады? Шешен, ингуштар соғыс жылдары қыстың суығында малға ұқсап лақтырып кеткен аталарын қазақ жүрегімен жылытқандарын ешқашан ұмытпаймыз дейді. Олар — жігіт, ал жігіттер сөзінде тұрады.

Ресейге дәл қазір азаматтық соғыстың қажеті жоқ. Сондықтан олар біздің аңғалдығымызды пайдаланып, ақпараттық соғыс бастап отыр. Соны ескеріп, ақылға салып, біліммен жеңетін кез келді!

Ең маңыздысы — орыстарда рух жоқ! Ұлт үшін, жер үшін біз сияқты күреспейді! Сондықтан Ресейдің кезекті іріткісіне бұлқан-талқан болмайық. Рухымызды жоғалтпай, мысымыз әрқашан биік болсын!

Есен Елеукен

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364