Сенбі, 19 Қазан 2024
Жаңалықтар 1995 0 пікір 14 Маусым, 2012 сағат 09:59

Ұлттық банк тәуелсіздік алғалы тұр

 

Қазақ елі өзінің алтын қорын арттыруды бастады. Кеше Парламентте Ұлттық банк басшылығы жыл сайын сатып алатын алтын көлемін жылына 70 тоннаға дейін жеткізетінін жария етті. Және де осынша көлемдегі құнды металл отандық өндірушілерден сатып алынбақ! Қазақстан Көшбасшысы билікті осыған міндеттепті. Осы орайда Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кешегі жалпы отырысында қалаулылар еліміздің алтын-валюталық резервін толықтыру үшін қажетті «тазартылған алтынды сатып алудағы Ұлттық банктің басымдықты құқығын» бекітетін жаңа заңның жобасын бірден екі оқылымда мақұлдады.

 

Сөйтіп, құжатты сенатор­ларға жолдады. Егер Жоғарғы палата оны құп алса, бұл заң­жоба же­делдетілген қарқынмен қабыл­данғалы тұр. Бұл жерде «Қазақ­станның кейбір заңна­малық ак­тілеріне Ұлттық банк­тің қызметін ұйымдастыру, қар­жы нарығын және қаржы ұйым­дарын реттеу мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» осы заңның жобасы бойын­ша Мәжілістің жауапты құрылымы - Қаржы және бюджет комитетінің кеңей­тілген отырысы 12 маусым күні өткендігін айта кеткен жөн. Ал ертесіне бұл құжатты ендігі палата құптап отыр.

 

Қазақ елі өзінің алтын қорын арттыруды бастады. Кеше Парламентте Ұлттық банк басшылығы жыл сайын сатып алатын алтын көлемін жылына 70 тоннаға дейін жеткізетінін жария етті. Және де осынша көлемдегі құнды металл отандық өндірушілерден сатып алынбақ! Қазақстан Көшбасшысы билікті осыған міндеттепті. Осы орайда Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кешегі жалпы отырысында қалаулылар еліміздің алтын-валюталық резервін толықтыру үшін қажетті «тазартылған алтынды сатып алудағы Ұлттық банктің басымдықты құқығын» бекітетін жаңа заңның жобасын бірден екі оқылымда мақұлдады.

 

Сөйтіп, құжатты сенатор­ларға жолдады. Егер Жоғарғы палата оны құп алса, бұл заң­жоба же­делдетілген қарқынмен қабыл­данғалы тұр. Бұл жерде «Қазақ­станның кейбір заңна­малық ак­тілеріне Ұлттық банк­тің қызметін ұйымдастыру, қар­жы нарығын және қаржы ұйым­дарын реттеу мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» осы заңның жобасы бойын­ша Мәжілістің жауапты құрылымы - Қаржы және бюджет комитетінің кеңей­тілген отырысы 12 маусым күні өткендігін айта кеткен жөн. Ал ертесіне бұл құжатты ендігі палата құптап отыр.

Жалпы, осы заңжоба арқа­сында бірқатар жаңалықтар да өмірге жолдама алмақ. Оның біріншісі Марченко басқаратын органның құзыретін молайтады. Қазақстан Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі «ЕурАзЭҚ-тің мемлекетаралық кеңесінің 2009 жылғы 27 қарашадағы шешімдерін орындау жөніндегі шаралар» туралы Жарлығына сәйкес, енді Ұлттық банк мем­лекеттің алтын-валюта резерв­терін толықтыру үшін құйма кесек түріндегі тазартылған ал­тынды сатып алудағы басым­дықты құқығын іске асыру туралы шешім қабылдау функ­цияларына ие болады. Осыған байланысты, жаңа заңның жобасы «Ұлттық банк туралы» қолданыстағы заңға түзету енгізіп, әлгі өкілеттіктерді ҰБ-ға заңдық түрде бекітеді. Бұл жерде Ресей Федерациясының тәжірибесі алыныпты, осы­лай­ша, бұл өзгерістер Қазақ елінің алтынды өндіру, шығару және өткізу сияқты стратегиялық маңызды саладағы мемлекеттік мүдделерін қолдауды қам­та­масыз етеді.

- Біз Президенттің Жар­лығына сәйкес, тек былтырғы жылдың шілде айының соңы­нан бастап, тазартылған алтын­ды отандық нарықтан сатып ала бастадық, - деп хабарлады депутаттарға Ұлттық банк төраға­сының орынбасары Би­се­нғали Тәжияқов. - Нәти­жесінде, Ұлттық банк 2011 жылы 5,4 тонна алтынды «Қаз­Мырыштан» сатып алды». ҰБ басшылығының биік лауа­зымды өкілі осы заңның жо­басы қабылданғаннан кейін Қазақ­стандағы алтын өндіруші ком­паниялардың өнімін сатып алуға «нөлдік ставка» қолданыла бастайтындығын нықтады. Бұл оларды қазақ жерінің қойнауы­нан алған осы асыл металды өз елімізде өткізуге ынталандыруы тиіс көрінеді.

Г.Марченконың «оң қолы» өздерінің (Ұлттық банктің) ендігі жыл соңына дейін «ҚазМырыш­тан» шамамен 20 тонна, ал «Қаз­мыс» корпорациясынан - 4,5 тоннадай алтын сатып алуға келі­сімшартқа отырғандарын мәлім­деді. ҰБ елдің алтын қорын то­лықтыруға биылғы жыл басынан бергі 5 айда, әлгінің сыртында ендігі 3 тонна алтын сатып алып­ты. «Елбасының тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта алтын сатып алуды жылына 70 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлаудамыз» деді Б.Тәжияқов.

Бұған қоса, егер осы жаңа заңның жобасы қабыданса, мем­лекет меншігіне айналдырылған мүлікті, атап айтқанда, тазартыл­ған алтынды, аса құнды метал­дарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды бағалауды Ұлттық банктің өз бетінше жүргізу құқығы заңмен бекітілмек. Яғни егер мемлекет әлдекімнен тәркілеген кесек-кесек алтындарды, көздің жауын алатын асыл бұйымдарды сатып құтылуды ойласа, бағасын кім белгілейтінін енді сіз білесіз.

Екіншіден, бұл заңның жобасы Қазақстан Көшбас­шысының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін» және «Ал­маты қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгін» жою шешімінің заң­дық негізін түзеді. Бұл «көзі құртылған» агенттіктер коми­теттерге айналып, ҰБ құрамына кірді.

Үшіншіден, осы заңжобамен Қазақстанда тек мемлекеттің қолдауымен ғана қызмет жүргізе алатын мамандандырылған банк­тер құруға тыйым салынатын бол­ды! Осы жерде ҰБ төрағасының орынбасары Б.Тәжияқов осы тыйымға дейін құрылып, жұмыс жүргізіп жатқан Қазақстанның Даму банкі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» сынды құры­лымдардың жойылмайтындығын қосты.

Елді елең еткізген тағы бір жа­ңалық: Ұлттық банк тәуелсіздік ал­ғалы отыр! Бұл үшін заң жоба­­сы Ұлттық банктің әкімшіліктік мемлекеттік қызметшілерін «мем­лекеттік қызметші» құрамынан шығаруды қарастырады. Бұл қадамға 2012 жылдың 1 нау­рызында Қазақстан Президентінің келісімдік резолюциясы («сог­ласительная резолюция») алын­ғандығы хабарланды.

- Өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын орындаудағы шын мәніндегі тәуелсіздігін қамта­масыз ету үшін елдің Орталық банкі өз персоналын басқару және тауарлар мен қызметтерді сатып алу мәселелерінде тәуел­сіздікке ие болуға тиіс! - деп түсін­дірді депутаттарға Ұлттық банк төрағасының орынбасары. - Бұл мақсатта халықаралық тәжі­рибені ескере отырып, кон­трак­тілік негізде қаржы нары­ғындағы жұмыс тәжірибесі бар мамандарды тарту жолымен ҰБ кадрларын күшейту талап етіледі.

Яғни Ұлттық банк басшылы­ғы қандай маманды жалдап, қанша жалақы тағайындаймын десе де өзі біледі. Тіпті миллион­даған доллар сыйақы төлеп, жатжұрт­тардан маман алғызам десе де өз еркі болатын көрінеді. «Бұл ретте сыбайлас жемқор­лық­пен күрес туралы заңында қарас­ты­рылған барлық шектеулер Ұлт­тық банк қызметшілеріне тара­латын болады. Ол ол ма, ҰБ қыз­мет­­шілеріне заң жобасымен қо­сымша шек­теулер енгізіледі» деді Бисен­ғали Тәжияқов. Ол шектеулерге сәйкес, ҰБ-да жұмыс істейтіндер ашық инвестициялық қорлардың пайларын сатып ала алмайды, оларға сондай-ақ құнды қағаз­дардың ұйымдастырылған нары­ғында - облигацияларды, ком­мерциялық ұйымдардың акция­ларын иелене алмайды. Ұлттық банк қызметшілері «тексе­рі­летін қаржылық ұйымдардың (мәселен, басқа банктердің, ЖЗҚ-лардың) басшысы, жұмысшысы болып табылатын жақын туыс-туғандары туралы» өз басшы­лығына хабар­лауға міндеттеледі.

Ресми дерек бойынша, бүгінде Ұлттық банкте 4 мыңдай адам жұмыс істейді екен. Олардың ор­та­ша жасы - небары 37 жас, яғни сұранысы жоғары, «алтын көрсе, жолдан таюы» ғажап емес жас­тар.

Айтпақшы, заң жобасымен, тек ҰБ-ның ғана емес, оның бар­лық акционерлік қоғамдары, бүкіл республикалық мемлекеттік кәсіпорындары «Мемлекеттік сатып алулар туралы» қолданыс­тағы заңның реттеу аясынан шығарылады!

Осы күні Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес, лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарын тағы 30 пайызға қысқартатын заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл жоба Қазақстан­ның «Doing business» жаһандық рейтингіндегі жағдайын жақсар­туы ықтимал. Бизнес жүргізуге қолайлы елдердің 2012 жылғы осы рейтингінде еліміз әлемдік елулікке еніп, 47-орынға көтерілді. Бұл құжат заң болып, қабылданса, Қазақстанда жаңа құрылған шағын және орта кәсіп­керлік нысандарын тіркелген күнінен 3 жыл бойы тексеруге тыйым салынады.

Айхан ШӘРІП

«Айқын» газеті

0 пікір