Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Билік 3322 3 пікір 6 Қыркүйек, 2021 сағат 18:43

"Сөзтүзерден" сөз түзелер

2021 жылдың 6 қыркүйегінде "Қазмедиа орталығы" ғимаратында "Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігінің" тұсаукесері өтті. 

Іс-шараның қонақтары ҚР Парламентінің депутаттары, іскерлік, қоғамдық, ғылыми және мәдени топтардың өкілдері, журналистер, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік БАҚ басшылары болды.

"Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігінің" Отандық БАҚ материалдарының мониторингі негізінде білікті лингвистердің, тәжірибелі журналистер мен кәсіби редакторлардың қатысуымен әзірленді. Жоба авторлары еліміздің ақпараттық кеңістігінде мемлекеттік тілде жиі кездесетін қателіктерді анықтады, жіктеді және талдады.

Нәтижесінде қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс пайдаланбаудың нақты мысалдары бар, сондай-ақ жалпы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер сөздігі жасалды. Онда сөздер мен сөйлемдердің дұрыс нұсқасын қолдану бойынша ұсыныстар берілген.

Айта кету керек, бұл осы бағыттағы алғашқы ауқымды жоба.
Жобаның басты мақсаты - БАҚ-та мемлекеттік тілді нығайту және дамыту.
Отандық БАҚ-тарға арналған қазақ тіліндегі сөздікті жасау идеясының авторы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев болды. Жоба жетекшісі - ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы.
Сөздік бірінші кезекте қазақ тіліндегі БАҚ редакторларына, сондай-ақ қазақ тілінде сауатты жазуға тырысатын қалың бұқараға тұрақты пайдалану үшін ұсынылады.

Оның басылымы БАҚ-та мемлекеттік тілді нығайтуға жаңа серпін береді және қалың жұртшылықтың, әсіресе жас ұрпақтың қазақ тілінде дұрыс сөйлеу және жазу қабілетіне оң әсер етеді.

Сөздік Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде ұсынылған және Қазақстан халқының Тілдері күніне орайластырылған. Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Медиа Дамыту қоры" Корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076