Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2695 1 пікір 7 Қыркүйек, 2021 сағат 10:41

Картоп пен сәбізге қарық боламыз

Қазақстандағы маусымаралық кезеңде тұрақтандыру қорларында картоп, сәбіз, қырыққабат пен пияздың бес айлық қоры жинақталмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Сапаров инфляцияға қарсы шаралар кешенінің жобасында Ауыл шаруашылығы министрлігіне 11 жедел және 8 орта мерзімді шараларды орындау жүктелгенін атап өтті. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін дақылдардың алқаптарын, көкөністерді сақтау сыйымдылықтарын ұлғайту бойынша шаралар қабылдау іске асқан. Оның айтуынша, шикізат базасын дамыту үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" негізінде астықтың тұрақты мал азықтық қорын қалыптастыруды көздейтін, жем өндірісін дамытудың "Жол картасы" әзірленетін болады.  Сондай-ақ уақытша сандық шектеулер енгізу, яғни квоталар немесе ірі және астық жемін экспорттауға тыйым салу да негізгі міндеттердің бірі болып отыр.

Басқарма басшысы есептеулер бойынша республикада картоп пен көкөніс сатып алу көлемі 229 мың тоннаны, қарақұмық - 17,6 мың тоннаны және күнбағыс майы - 28,5 мың тоннаны құрайтынын қоса айтты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930