Сенбі, 23 Қараша 2024
3267 8 пікір 7 Қыркүйек, 2021 сағат 18:58

Ноғаев Маңғыстау облысына әкім болды

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды. Ол Нұрлан Ноғаев. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбук парақшасына жазды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымынан босатылды" деп жазды ол.

Нұрлан Ноғаев 1967 жылы 30-шілдеде Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1984 жылы Қандыағаш станциясында электрик болып бастады.

2006 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2006-2007 жылдары - Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болса,  2007 жылдың қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2010 жылдың сәуірінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2016-2019 жылдары Атырау облысының әкімі болып жұмыс істеді.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанның энергетика министрі болды. Бұл қызметке 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін қайта тағайындалды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387