Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2462 3 пікір 9 Қыркүйек, 2021 сағат 20:24

Жолдаудың жауапкершілігі жоғары

Бүгінгі жер дүниені пандемия жайлаған заманның адамзаттың иығына артқан жүгі ауыр. Бүкіл әлем қауіпті індеттің құрсауынан шыға алмай, қайткенде де аман қалудың алдын алып, заман талабынан қалыс қалмау жолында күресіп жатыр. Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып жатқан Қазақ елі де көппен бірге күресіп, халықты індетпен ере келген дағдарыстың тығырығынан шығаруға барын салуда.

Сол үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың бірінші қыркүйегінде «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, «кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет», – деді.

Ел Президентінің 7 бөлімнен тұратын Жолдауында: «мәлімет беру желісін халықаралық дәліздермен ұштастыра отырып, оны біртіндеп кеңейту және жаңарту қажет. Көрші елдерге де қызмет көрсете алатын мәлімет өңдеудің заманауи орталықтарын құру керек.

Біз еліміздің орасан зор ақпараттық-телекоммуникациялық әлеуетін іске асыра білуге тиіспіз. Жаңа цифрлық дәуірде ол геосаяси маңызға ие болады. Қазақстан Еуразия өңірінің басым бөлігі үшін орталық цифрлық хабқа айналуға тиіс» деген сөзі еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін мыңдаған кәсіби мамандарға көрсетілген үлкен сенім деп түсінеміз. Мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінің жылнамасын жазушы – журналистер қауымы әрдайым тәуелсіз еліміздің барлық жаңалықтары мен жеңістерінің жаршысы болып, белсенді қоғамның алдыңғы сапында келеді.

«Мемлекеттік қызметкерлер және бүкіл қоғам біртұтас ел ретінде алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін жұмылуға тиіс» деген Президент сөзін күн тәртібімізге қою баршамыздың азаматтық борышымыз деп есептеймін.

Айсұлу Дутбаева 

«Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры

Abai.kz

3 пікір