Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2459 0 пікір 15 Маусым, 2012 сағат 10:42

«БІЗДІ АЛЫП ҚАШАТЫН ЖІГІТ ЖОҚ»

Қырғызстан билігі қыз алып қашатын жігіттерді қойдай көгендеп түрмеге тығу үшін жанын салып жатыр. Осыны ести сала Қазақстан мәжілісінің әйел  депутаттары  да «қыз алып қашатын» қазақ жігіттерін «адам ұрлайтын» қылмыскер ретінде желкесін қию үшін білектерін сыбана кірісті.

Бірде Астанада кезекті халықаралық жиналыстың ашылуын күтіп журналистер арнайы бөлмеде теледидар қарап отырғанбыз. Кенет «Хабар» телеарнасында «қыз алып қашу» жөнінде пікірталас болып жатыр екен. Қарап отырмыз. Бағдарламаға қатысып отырған бір қыз Алматы облысынан екен өзінің ауылында бір жігіт, танымайтын қызды алып қашыпты. Әлгі қыз, сол жігітті жамандап «надандық», «ақымақтық»  оларды соттайтын, жазалайтын заң шығару керек - деп жер тепкілеп отырып алды. Сонда арамызда отырған қу тілді тілші жігіт:  Қызға сөз айта алмайтын байғұс жігіттер қатынсыз қалатын болды-ау» -деп гүрс еткізді. Соны тыңдап отырған ішіміздегі қаптаған тілші қыздардың бірі: Отырмыз ғой басымызға бақ қонбай. Бізді «алып қашатын да» жігіт жоқ - деп бәрімізге қарады. Сол «алып қашатын» жігіттерден Астанаға келсе ғой біз отырып қалмас едік. Енді әр күніміз мені кім алып қашады екен деп әр жігітке бір жалтақтаумен жастық  дәурен өтіп барады. «Қыз алып қашуды» жамандап отырған мына ақымақ қызды Астанаға алып келу керек, өмір бойы байсыз өтсін»  - деді зілмен. Бәріміз не күлерімізді, не қоярымызды білмей қалдық.

Иә, Астана қалалық АХАЖ бөлімінің ақпараты бойынша  Астанада қызды алып қашпай-ақ отау құрған үш отбасының біреуі ажырасып тынады екен. Сонда бір-бірімен «жүріп», «сүйіп, күйіп» қосылғандар, алып қашатындарға қарағанда он есе  көп ажырасады екен. «Махаббатпен сүйіп», «Өз еркіңмен» қосылғанда шыққан мүйізің, қане?! Алып қашу дәстүрі жылдан - жылға жойылып келеді. «Қыз алып қашу» деген дәстүрдің солтүстік өңірде жоғалғанына ширек ғасыр болды. Астананың жанындағы біздің ауылда біреу «қыз алып қашыпты» дегенді естісем құлағым керең болсын. Соның кесірінен Астанаға жақын орналасқан менің ауылымда отыздан асқан он екі сүр бойдақ,  отыздан асқан он тоғыз қыз бар. Үйленбеген жігітіміздің алды елу екі жас, тұрмысқа шықпаған қызымыздың алды елу бес жаста. Бұрын қашып келген қыз да, алып қашқан ұл да отбасын құрып балалы-шағалы болып жататын еді. Атам қазақ айтады-ғой «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деп.

Гендерлік саясатпен айналысып жүрген биліктегі әйелдер экономикаға, білім-ғылымға, ұлттық, мемлекеттік мүдделерге ақылдары жетпеген соң жамандайтыны, «аңдығандары» еркектер. Оңтүстік өңірлерде бірен-саран қыз алып қашатын жігіттердің шаңырағын құлату үшін сылтау таппай жатыр еді, бұл бір оңтайы келген іс болды. Көп ұзатпай-ақ заң қабылдайды. Оңтүстік өңірлердегі осы уақытқа дейін тұрмысқа шыққан жүз қыздың біреуі «еріксіз» зорлап алып кетті десе енді сол бір қыздың кесірінен «алып қашпағаны» үшін тоқсан тоғыз кәрі қыз бақытсыз өмірдің кебінін киеді.

Бірде бір танысым «қыздар бизнес» жасап жатыр деп әңгіме айтты. Қызылордалық ойы арам бір қыз «осының жағдайы бар-ау» деген бір жігітпен танысып, қылымсып, назданып, мүләйімсіп жігіттің жүрегін жаулап, жігіт сосын оны алып қашады. Қазақ салтында негізінен бір-бірін сүйсе де алып қашатын дәстүр бар. Жігіт жақ кешірім ақша, мал жібереді. Шешесі мал мен ақшаны алып қалады да полициямен қызды қуып келеді. «Қызымды ұрлап кетті» деп адам ұрлау бабымен арыз жазып жігітті сотқа береді. Полицейлер де аранын ашып жігіт жағына «ақша бермесең соттаймыз» деп тап береді. Бұрын алаяқ әйелмен алдын ала келісіп қойған «іс» болуы да мүмкін. Мұрындары жанының ұшына келген жігіт не сотталады не қыздың шешесі мен полицейдің  айтқан ақшасын ағайын-туыс болып тірнектеп жинап тауып береді. Бұл әйел осындай айлакерлікпен «қызын» үш рет қашырып, үш рет «бизнес жасаған». Жігіттің алып қашқаны полицейлерге де олжа. Жігіт үйлене алмай сорлап қалды. Мына заң қабылданса оңтүстік полицейлері әр қыз қашқан сайын бір жырғап қалатын болды. Кеңес Одағы кезінде қыз алып қашу көп болатын. Алып қашып келген соң жігіт қызға «тимесе» де жазықсыздан-жазықсыз соттатып жіберетін жағдайлар кездесіп отырды. Ол кезде бір-бірін ұнатып сөз байласып алып қашатын. Ілуде біреу кездесетін қыздың ата-анасы жігітті ұнатпаса қайтадан алып кететін. Міндетті түрде жігітттің жеңгелері жабылып, жалынып, иіліп төсек болып қызды көндіретін. Бір қызығы қыз «көнбеймін, кетемін» деп жылап-сықтайтын, бірақ көнетін. Олай істемесе қызға ұят келетін. Артынан қуып келгендер де «өз еркіммен келдім» деген тілдей қағаз жаздырып алып етін жеп, шайын ішіп «мыңжылдық құда болдық» деп тісін шұқып кете беретін. Әйтпесе, болмайды, солай істеу салт болатын. Ал қазір бұл қылмыспен пара-пар. Гендерлік саясаттың берген жемісі бұл міне.

Айта кетерлігі, жеңіл жүрісті қыздар оңтүстікке келін болуға қорқады. Өйткені ол жақтың жігіттері  қыз адал, пәк, таза болса ғана үйленеді. Әйтпесе бірінші түні-ақ «тексерістен» өтпей қалса қуып жібереді. Бұл қасиетті бүкіл қазаққа үлгі етсек, ұлттық геніміз біраз тазарып қалатын еді.

Тоғайбай Нұрмұратұлы

«Халық сөзі» газеті

0 пікір