Сенбі, 12 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2095 0 пікір 13 Қыркүйек, 2021 сағат 14:46

Алматы облысында педагогтардың 99,9%-ы вакцина алды

Алматы облысында 56,9 мың мұғалімнің 50,1 мыңы Covid-19-ға қарсы екпе алды. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлімдеді.

Өңірде 6,4 мың мұғалімнің медициналық қарсы көрсетілімдері бар.
«Жаңа оқу жылында облыстың 763 жалпы білім беретін мектептерінде 442 420 оқушы білім алады. Бүгінгі күні штаттық режимде 376 809 (85,2%) оқушы оқиды. Аралас форматта– 64 995 (14,7%) оқушы оқытылуда», - деп атап өтті Батыржан Байжұманов.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап облыс бойынша балабақша тәрбиеленушілерінің КВИ-дің18 жағдайы және оқушылар арасында 422 жағдай тіркелген, оның ішінде 31 науқас стационарда ем қабылдауда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1812
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4621
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3649