Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2449 0 пікір 18 Маусым, 2012 сағат 09:02

Амангелді Айталы: «Ұлт ретінде қадірімізді қашыратын одақтың керегі қанша?!»

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Еуразиялық Одақта ортақ валюта қолдану туралы мәлімдемесінен кейін Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері бойынша комитет төрағасы «ортақ валюта да, ортақ тіл де, ортақ шекаралар да керек» екенін айтты. Ресейлік саясаткерлер империялық мемлекетке оралу саясатын ашық айтуда дейді қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы.

-  Ресей тұрғысынан барлығы түсінікті. Ресейдің басты мақсаты - Кеңестер одағына қайта оралу. Ортақ тіл, ортақ валюта, ортақ білім. Шын мәнісінде олар империялық мемлекетке оралу саясатын ашық айтуда. Сондықтан, бұл жерде біздің мемлекет пен үкімет басшылары, Парламент өте үлкен сақтық танытуы керек. Көбіне Еуропалық Одақ үлгі етіп алынады. Бірақ сол Еуро Одақ валютасының қандай апат пен қаржылық дағдарысқа әкелгенін көріп отырмыз ғой. Сонан кейін Еуропаның өзінде де «ортақ тіл» деген әңгіме ұлттардың намысына тиетіндіктен, мұнай сөз ешқашан да айтылмайды, ондай мақсат қойылмайды. Сондықтан, Медведевті орыс тұрғысынан түсінуге болады. Ал қазақ мемлекеті жағынан оның ұсынысын қабылдау асығыстық болар еді. Өмір өтер, кетер. Бүгінгі адамдар қолдар. Ал кейінгі ұрпаққа оның зардабы, салдары өте зиянды болмақ. Бұл жерде біз өте қырағылық танытуымыз керек.

- Бізде интеграциялық одақтар туралы сөз болғанда, ең алдымен бұл экономикалық одақ деген уәж айтылады. Бірақ ортақ валюта туралы мәселе көтеріле сала Мемлекеттік дума депутаттарының бірден ортақ тіл мен шекара мәселесін қозғауы мұндай одақтың саяси астарын көрсетпей ме?

‑  Әр бір экономикалық мәселенің астарында мәдени, ұлттық мәселе жататындығын ескере бермейміз, үңіліп, саралай алмаймыз. Сондықтан тек «қарнымыз тоқ болсын» деген саясат апатқа әкеледі. Себебі қарнымыз тоқ болып, ұлт ретінде қадіріміз қашатын болса, ондай одақтың бізге керегі қанша?!

- Қазір Білім министрілігі көп тілді білім беру жүйесін жетілдірмекші. Алғашқы сыныптан бастап балаға үш тілді меңгерту мемлекеттік тіл мәселесі шешілмеген Қазақстанда қаншалықты тиімді болмақ?

- Жалпы бұл тілдердің балансы, тілдердің теңдігі деген ой тудырады. Сондықтан кейбір елдерде 2-3 тіл оқыту етек алған. Бірақ үш тіл, екі тіл оқытатын мемлекеттерде ана тілінің, мемлекеттік тілдің меңгерілуіне көп мән беріледі. Егер мемлекеттік тіл әлі де әлсіз, осал, тұғыры берік болмаса, үш тілді меңгеру мақсат етіп қойылмайды.

Сұхбаттың толық нұсқасын www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/875 - сайтынан оқи аласыздар.

0 пікір