Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ. ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
Қазақ фольклорының тарихы тым тереңде жатыр. Берi дегеннiң өзiнде бес ғасыр. Бүгiнгi өнертанушылар бiлетiн Асан Қайғының «Ел айырылған» атты күйi ХIV ғасырдың мұрасы делiнiп жүр. Сонымен қатар қарға бойлы Қазтуғанның «Сағыныш» дейтiн күйi жеткен.
Танымал этнограф-ғалым Ақселеу Сейдiмбек айтады: «Өте ертеде пайда болған көшпендiлер өнерi сан ғасырлар бойы ширығып-ширығып келiп ХIХ ғасырда ғаламат титандарды тудырды. Олар – Бiржан, Ақан, Құрманғазы, Тәттiмбет, Дәулеткерей, тағы басқалар. Мәдениеттiң бұлай жарылуы түрлi мектептердi пайда болдырды» дейдi.
Ғалым ағамыздың пайымдауына қарағанда: қазақ өнерiнiң iрi 5 мектебiнiң бiрi – Алтай-Тарбағатай мектебi. Бұл мектеп уақыт өте келе ауа жайылып, Моңғол-Қытайға асты. Азиядағы көне мәдениет ошақтарымен шектесiп жатыр...
Ахаң айтып отырған Алтай-Тарбағатай мектебi иiсi қазаққа онша таныс емес. Сонау бiр жылдары бұл тақырыпқа күйшi Уәли Бекенов аз-маз қалам тартты. Бiрақ кейбiр Алтай-Тарбағатай күйлерiн «Жетiсу күйлерiнiң» қатарына кiргiзiп жiбердi.
Осы олқылықтың орны толып жатыр. Бiрнеше жылдың алдында Алтай өңiрiнде туған Долда Кенешұлы дейтiн ағамыз атамекенге қыруар қазына алып келдi. Бұл кiсi қазiргi ШҰАР-ға қарасты Iле қазақ автономиялы облысының Алтай аймағының 7 ауданын армай-талмай аралап, iргелес қоныстанған Тарбағатай аймағының кейбiр аудандарын сүзiп шығып фольклор жинаған.

Өткен жылы Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы қарсаңында халық мұрасының қамқоршысы, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтың демеушiлiгiмен Долда ағамыз алып келген 4 бiрдей туынды оқырманға жол тартқан болатын.
Бұл туындылар қатарында, халықтың тұрмыс-салт жырлары және қара өлең нұсқалары, қалың қазаққа бейтаныс сыбызғы күйлерi топтастырылған болатын. Жеке өзi бiр кiтап болған сыбызғы күйлерiнiң саны – 121 едi. Бұған дейiн «бар-жоғы 31 ғана сыбызғы күйi бар» деп келген өнертанушылар қарық болды да қалды.
Биыл жоғарыдағы үрдiс қайтадан жалғасын тапты. Мұра жинаушы Долда Кенешұлы өткен жылы бiздiң газетке берген сұхбатында 900-ден астам Алтай-Тарбағатай домбыра күйлерiн жинағанын айтқан едi. Оның сыртында түрлi нұсқасы бар 500-ге тарта халық әндерi қорымда тұр деген-тiн.
Осы туындылар тағы да Иманғали Тасмағамбетовтың араласуымен жеке-жеке 3 кiтап болып жарық көрдi. Әрбiрi 25 баспа табақ көлемдi туындылардың алғашқысы – «Алтай-Тарбағатай өңiрiнiң халық әндерi» деп аталады. Кiтапқа аталмыш өңiрдiң 225 халық әнi енгiзiлген. Ескi әндердi нотаға түсiрiп, баспаға әзiрлеген музыка мамандары – Е.Өмiров, Г.Қозыбақова, А.Жайымдар.
Жалпы, бұл өңiрдiң әндерi мұңлы болып келедi. Музыкалы-поэтикалық тәсiлдерi де өзгеше. «Ахау», «Илигай», «Әгугай», «Бойдай талдай» секiлдi әндердiң айтылу стилi тым көне.
Өнертанушы Гүлнәр Қозыбақованың пайымына қарағанда, бұл әндер фольклорлы-этнографиялық ансамбльдердiң репертуарына енгiзiлгенi дұрыс. Өйткенi әндердiң қайталанбас, қарапайым әуездiлiгi ерекше. Тiптi кейбiрiнде байырғы бақсылық сарын бар дейдi өнертанушылар. Соған қарағанда, алдағы күндерi елiмiздiң этномузыкалық жанры толыға түсерi сөзсiз.
***
Қалған екi кiтаптың аты бiрдей. Екеуiне де ортақ есiм – «Алтай-Тарбағатай өңiрiнiң домбыра күйлерi» деген атау бұйырған. Қазақта негiзiн шертпе және төкпе күйлер дейтiн екi үлкен мектеп бар. «Шертпе» ұғымы қимылды бiлдiрсе, «төкпе» атауы көңiл-күйге қатысты деген де пiкiрлер айтылып жүр.
Қос кiтаптағы күйлердiң барлығы шығыстың шертпе күйлерi. Туындылардың бiрiнде – 173 күй нотасымен берiлсе, екiншiсiне – 179 күй қамтылған. Күйлердi нотаға түсiрудi басқарған музыка мамандары – Бiләл Ысқақов пен Айтқали Жайымов.
Күйлердiң арасында «Бозайғыр», «Аққу», «Ақсақ аю» секiлдi тотемдiк сарынды дүниелер де бар көрiнедi. Профессор Бiләл Ысқақов: «көне сарынды Алтай күйлерi қолдан-қолға ауызекi түрде жалғасып, байырғы қалпынан көп өзгермей сақталған әрi көркемдiк кәсiби деңгейi жоғары туындылар» дейдi.
Жоғарыдағы 900-ден астам күйдiң өзара сарындас, қайталанған немесе көркемдiк сапасы төмен күйлердi алып тастағанның өзiнде 400-ге жуық домбыра күй үлгiлерi жарамды деп танылған. Көбiнесе, терiс бұрауда тартылатын бұл күйлер түрлi ырғақтық құбылулар мен әуездiк үйлесiмдердi сiңiрген әрi қазақтың күй өнерiне келiп қосылған ерекше дүниелер.
Осылай қазақ күй өнерiнiң қазынасы қамбасын толтырды.
P.S. Бүгiн Алматы да, Ұлттық баспасөз клубында жоғарыдағы 3 кiтаптың таныстыру рәсiмi өтедi. Рәсiмге құнды мұраларды жинап, елге жеткiзген фольклортанушы Долда Кенеш және кiтапты баспаға әзiрлеген редакциялық алқа мүшелерi қатысады. Сондай-ақ белгiлi мәдениеттанушы Мұрат Әуезов және басқа да зиялы қауым өкiлдерi ойларын ортаға салады.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
“Астана ақшамы” газеті