Сайын Бөлек. Қайшылықты жағдайда Ақановтан Аканов басым болады ма?
Баласы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ақылы бөлімінде оқитын танысым «мынаны қарашы» деп бес-алты парақтан беттеп тігілген құжатты алдыма тастай салды. Қарадым. Келісім-шарт екен. Көзім бірден келісім-шарттың қазақша нұсқасына түсті. Әрине, әдеттегідей бықыған қате. Әр жолын орысшасымен салысытырып оқымасаң түсіну қиын. «Бұны маған несіне беріп отырсың, қазақшасын қалыпқа келтіріп берейін бе?» - дедім танысымның лажысыздықтан жабырқау тартқан жүзіне үңіліп. «Солай етсең тіпті тамаша болар еді, бірақ, ол қазақшаңның қажеті шамалы екен, - деді танысым күрсініп, - міне, мынаны оқы». Оның «оқы» деген тұсындағы жолдарда былай деп жазылыпты:
«7.4. Осы келісім шарт Тараптармен орыс және мемлекет тілде заңдық күші бірдей үш түпнұсқа дана болып жасалған, бір данасы Білім алушыға табыс етілген, екі данасы Университетте сақталады. Келісім шарттың мәтінінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі даналары қайшылықты оқылған жағдайда, Келісімнің орыс тіліндегі данасы басым болады». (Орысшасы, қысқаша: В случае разночтений текстов Договара на государственном и русском языках, приоритет отдается тексту Договара на русском языке).

Орыс тілінің «приоритеттігі» Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің келісім-шартында ғана емес, барлық мемлекеттік мекемелердің құжаттарында құжынап қаптап жүр. Осыны айтып досымды сабасына түсірмек болып едім ол: «Қайшылықты жағдайда Ақановтан Аканов басым болады ма? Солай ма?», - деп бедірейді. Мен біздің санасы сарсідіктенген қоғамда «солай болады» деп мойындадым. Дегендей-ақ, келісім-шарттың қазақша нұсқасы мен орысша нұсқасының соңына ректор айқан Ақанов өзінің сойын «Аканов. А. А.» деп көрсетіп шиырып қол қойыпты.
«Абай-ақпарат»