Сенбі, 23 Қараша 2024
2307 1 пікір 22 Қыркүйек, 2021 сағат 10:33

Қазақстан интернеті еркін емес елдердің қатарында

Қазақстан Freedom House халықаралық ұйымның әлемдегі интернеттің еркіндігіне баға берген биылғы баяндамасында "интернеті еркін емес" өлкелердің қатарына кірді.

"Жергілікті және орталық органдарға сын айтқан азаматтар мен белсенділерді қуғындап, қамауға алып жатыр. Қаңтар айында өткен парламент сайлауынан кейін онлайн-БАҚ-тарға қарсы қорқыту әрекеттері, оның ішінде "қызмет көрсетуден бас тарту" (DDoS) секілді шабуылдар күшейді", - деп жазылған 21 қыркүйекте жариялаған баяндамада.

Freedom House 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне кіріскеннен кейін реформаларға уәде бергенін, бірақ үкіметтің әрекеттері уәделерге сәйкес келмейтінін атап өткен. Билік оппозиция өкілдерін қамауға алып, бірқатар ақпарат құралдары үкіметке жақын адамдардың қарамағына өткен.

Баяндамада Қазақстан — Ресей, Беларусь, Иран және Қытай секілді өлкелермен бір қатарда орналасқан.

Freedom House мәліметіне қарағанда, қазақстандықтар негізінен Facebook, Instagram әлеуметтік желілері, Telegram және YouTube каналдарындағы пікірлері үшін қуғындалады.

Бұдан бөлек Қазақстан билігі контентке, ақпараттарға және байланыс технологиялық компанияларға жаңа ережелер енгізген 48 мемлекеттің қатарына қосылған.

Баяндамада 70 өлкенің интернет еркіндігіне баға берілген. Бұл үшін 2020 жылдың маусым айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін үш категория бойынша (азаматтардың интернет қолдануына тосқауыл қою, контентке шектеу енгізу және қолданушылардың құқықтарының сақталуы) интернет еркіндігі бағаланған.

Freedom House ұйымының мәліметіне сәйкес, интернет еркінді Мьянмада, Беларусьта жана Угандада бірден нашарлаған. "Интернеті еркін емес" елдердің қатарына Қазақстаннан бөлек Әзербайжан (35), Ресей (30), Өзбекстан (28), Пәкістан (27) және Иран (16) кірген.

"Интернеті еркін елдердің" қатарына Грузия (77) мен Армения (71) бар. Олар алғашқы үштік Исландия, Эстония және Канадамен қатар орналасқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366