Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2230 0 пікір 28 Қыркүйек, 2021 сағат 19:57

Мемлекет басшысы бауырлас елдердің бірлігін нығайтудағы ТүркПА-ның рөлін атап өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қатысушыларына құттықтау хат жолдады.

Құттықтау хатты жиналғандар алдында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқып берді.

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТүркПА бауырлас елдердің бірлігін бекемдейтін беделді ұйым. Мерейтойлық басқосудың қасиетті Түркістан қаласында өтуінің зор символдық мәні бар. Түркі дүниесінің рухани астанасында өтіп жатқан алқалы жиын тамырлас халықтарды ортақ мүддеге жұмылдырады. Біздің елдеріміз алдына зор мақсаттар қойып отыр. Жаңа сын-қатерлерге төтеп береміз десек, өзара ынтымақтастықты барынша нығайта түсуіміз қажет. Әріптестеріміздің әлеуетін арттырып, түркі әлемінің халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз, - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы ретте жаһандық және өңірлік түйткілдерге байланысты ұстанымымыз бір болуы айрықша маңызды екенін атап өтті.
- Бұл жұмыста ТүркПА-ның алатын орны ерекше. Біздің парламенттеріміз әрбір мәселеге түркі жұртының тұтастығы тұрғысынан қарауы керек. Бүгінгі басқосуда осы бағытта салиқалы ойлар айтылып, тың бастамалар көтеріледі деп сенемін! – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда, Қ. Тоқаев пленарлық отырысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Түркі халықтары бірлігінің арта беруіне ниеттестік білдірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320