Жұма, 22 Қараша 2024
2785 0 пікір 29 Қыркүйек, 2021 сағат 15:39

Көктемде пәтер бағасы 30%-ға қымбаттай ма?

1130124948

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев тұрғын үй бағасының өсу болжамы негізсіз деп санайды. 

Вице-министрге брифинг барысында "Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы көтеріледі деп болжануда. Көктемге қарай пәтерлердің бағасы 30%-ға өсуі мүмкін дейді. Сарапшылар мұндай өзгерістерді құрылыс материалдарының қымбаттауымен байланыстырады. Бұл болжам қаншалықты шындыққа жанасады, пәтерлердің қымбаттауының алғы шарттары бар ма?" деген сұрақ қойылды.

"Мұндай факторлар жоқ және күтілмейді. Менің ойымша, 30% қымбаттайды деген болжам негізсіз. Зауыттарда құрылыс материалдарының бағасы тұрақты. Егер жылдың ортасымен салыстырсақ керісінше баға түскен", - деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, Қазақстан ішкі нарықтың 60 пайызын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді. Линолеум, тұсқағаздар, керамикалық плиткалар негізінен елге импортталады. Алайда алдағы екі жылда ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз ететін жобалар бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318