Сенбі, 23 Қараша 2024
2623 3 пікір 4 Қазан, 2021 сағат 11:02

Ауған президенті қазақстандық ұшақпен қашқан

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани елден Өзбекстан арқылы Абу - Дабиге қазақстандық авиакомпанияның ұшағымен қашып кеткені анықталды. 

«Flight Radar мәліметі бойынша, дәл сол күні Термезден (Өзбекстан) Абу-Дабиге ұшқан FJK-1255 рейсі FlyJet Қазақстандық компаниясына тиесілі. Чартерлік компанияның бес құрлықта кеңселері бар. Дәл осы ұшақта Ашраф Ғани мен оның 53 серігі 16 тамызда сағат 23.00-де Термезде 31 сағаттық бөгелістен кейін Абу-Дабиге ұшып кетті. Бұл ұшақты жалға алудың егжей-тегжейі- әрі қарай зерттеуді қажет ететін тағы бір мәселе»,- делінген «Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің елден қалай қашып кеткені туралы айтылмайтын әңгіме» атты мақалада.

FlyJet сайтындағы ақпаратқа сәйкес, компанияның кеңсесі Алматыда орналасқан.

«FlyJet жеке ұшағында әр рейс бірқалыпты және тыныш жүреді. Терминал арқылы жедел транзит және қауіпсіздік, кезек пен құпиялылықтың жоқтығы - сіз өзіңіздің жеке, сәнді жабдықталған әуе кемесінің біріндесіз, ол сізді межелі жерге апарады. Себебі сіздің жайлылығыңыз үшін - біз күн сайын жұмыс жасаймыз»,- делінген әуе компаниясының сайтында.

RadarBox веб-сайтындағы ақпаратқа сәйкес, FJK-1255 бұл - Canadair CL-600-2B19 аймақтық реактивті CRJ-200ER (Bombardier CRJ200). Қазіргі уақытта бұл ұшақ шынымен FlyJet -те тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда Ауғанстанда билік Талибан қозғалысының бақылауына өтті. Ел президенті Ашраф Ғани отставкаға кетіп, бұрынғы барлық билік элитасымен бірге қашып кеткен болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371