Пәкістанда алапат жер сілкінісі болды
Пәкістанның Белуджистан провинциясында болған жер сілкінісінен 20 адам қаза тапты.
Бұған дейін Agence France-Presse төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасай отырып, апаттан 15 адам зардап шеккенін хабарлаған болатын.
Жергілікті газеттің хабарлауынша 300-ден астам адам жараланған.
Америка Құрама Штаттарының геологиялық қызметі (USGS) бұған дейін Пәкістанда 5,7 балдық жер сілкінісін тіркеген. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Харнай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан. Дүмпу ошағы 20,8 шақырым тереңдікте орналасқан.
Abai.kz