ТМД елдерінің әскерилерінде бірлескен байланыс жүйесі пайда болады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерінің Қарулы Күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңын қабылдады.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың айтуынша келісімге алты мемлекет қол қойған. "Келісім қарулы күштердің бірлескен байланыс жүйесін құруды көздейді, оның негізгі міндеттері: байланыс қызметтерін ұсыну және қарулы күштердің басқару жүйесінде және олардың арасында ақпараттың барлық түрлерімен алмасу. ТМД форматында құрылған әскери негіздегі өзара әрекеттестіктің біртұтас жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету", - деді ол.
Тұяқов заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейтінін, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайтынын айтты.
Abai.kz