Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
Жаңалықтар 3925 0 пікір 22 Маусым, 2012 сағат 10:10

Шығыс Қазақстан облысында 154 млрд. теңгеден астам соманың 21 инвестициялық жобасы іске асырылды

Шығыс Қазақстан облысының Индустрияландыру картасына жалпы құны 604 млрд. теңгенің 37 инвестициялық жобасы кіреді.

37 жобаның тоғызы - республикалық маңыздағы жобалар болса (534 млрд. теңге), қалған 28 жоба  (40 млрд. теңге) - өңірлік жобалар.

2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысында 154 млрд. теңгеден астам соманың 21 жобасы іске асырылды, өнеркәсіптік және шаруашылық мақсаттағы 9 нысан іске қосылды. Карта жобалары, ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, 35,1 млрд. теңге соманың өнімдерін өндірді және қызметтерін көрсетті. 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, 2010-2011 жылдары іске қосылған 21 жобаның ішінде 8 кәсіпорын 50 пайыздан  100 пайызға дейінгі жобалық қуатына шығып отыр. Олардың қатарында «Өскемен арматура зауыты»АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Семей азық-түлік өнімдері комбинаты» ЖШС, «Приречное» агрофирмасы» ЖШС, «Қазмырышмаш» ЖШС, «Фаворит», ЖШС, «ЕртісТАНур плюс» ЖШС бар, деп хабарлайды  рm.kz сайты.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2732
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1848