Арман Қани. Жұртшылық күткен ескерткіш ашылды, бірақ...
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында қазақ халқын ойсырата күйреткен аштық нәубетінің ақиқаты туралы азды-көпті ғылыми еңбектер мен көркем шығармалар бар, басым көпшілігі қазақ тілінде жазылған. Бірақ ұлттымыз үшін ең қасіретті сол бір кезеңмүсіндеме өнерінде аз бейнеленген десек, қателеспейміз. Мәселен, ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш салу ісі Астананың өзінде биыл ғана қолға алынды, ал Алматыда әлі орнатылған жоқ. Демек, өзге қалалардағы жағдай жөнінде сөз қозғау артық.
Ескерткіш мәселесізиялы қауым ортасында да, баспасөз беттерінде де оқтын-оқтын көтеріліп-ақ келеді. Алайда қызыл қырғынды тілсіз түсіндіретін тас монументтеркеңестік қоғамды көксейтін кейбір қандасымыз бен өзге ұлт өкілдерінің шамына тиіп, наразылығын тудыруы мүмкін деген ой қолымызды байлайтын секілді. Солай бола тұра, байырғы ұлттың үлес салмағы 40 пайызға жетер-жетпес болып тұрған Павлодар қаласында жуырда, жаппай қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамырда 1929-1933 жылдардағы аштық құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш ашылды. Монументтің биіктігі 3 метрдей, аумағы 22 шаршы метрді құрайды. Монумент облыс әкімі Ерлан Арынның тапсырмасы бойынша жасалған.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында қазақ халқын ойсырата күйреткен аштық нәубетінің ақиқаты туралы азды-көпті ғылыми еңбектер мен көркем шығармалар бар, басым көпшілігі қазақ тілінде жазылған. Бірақ ұлттымыз үшін ең қасіретті сол бір кезеңмүсіндеме өнерінде аз бейнеленген десек, қателеспейміз. Мәселен, ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш салу ісі Астананың өзінде биыл ғана қолға алынды, ал Алматыда әлі орнатылған жоқ. Демек, өзге қалалардағы жағдай жөнінде сөз қозғау артық.
Ескерткіш мәселесізиялы қауым ортасында да, баспасөз беттерінде де оқтын-оқтын көтеріліп-ақ келеді. Алайда қызыл қырғынды тілсіз түсіндіретін тас монументтеркеңестік қоғамды көксейтін кейбір қандасымыз бен өзге ұлт өкілдерінің шамына тиіп, наразылығын тудыруы мүмкін деген ой қолымызды байлайтын секілді. Солай бола тұра, байырғы ұлттың үлес салмағы 40 пайызға жетер-жетпес болып тұрған Павлодар қаласында жуырда, жаппай қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамырда 1929-1933 жылдардағы аштық құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш ашылды. Монументтің биіктігі 3 метрдей, аумағы 22 шаршы метрді құрайды. Монумент облыс әкімі Ерлан Арынның тапсырмасы бойынша жасалған.
Мүсінді жауып тұрған мата түсірілген сәттеқасіретті көріністен азалы жылдарда қазақ халқының тартқан азабын жан-тәнімен сезінген біршама адам көзіне жас алды. Өңір басшысымен қатар аштықтың куәгерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөйлеп, өткенге салауат айтып, халыққа мамыражай, берекелі өмір тіледі. Рәсімнен кейін Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде 1930 жылдардағы аштық пен жаппай жазалау құрбандарына арналып кұран оқылып, ас берілді.
Жергілікті журналистер сол күні-ақ монументтің суреті мен оның жай-жапсары жөніндегі хабарды БАҚ арқылы бүкіл Қазақстанға таратты. Бұл жаңалықты қанағаттанғандық сезіммен қабылдап, үлкен істі жүзеге асырған керекулік азаматтарға интернет арқылы алғыс айтушылар да болды.Әрине, жоғарыда атап көрсетілген кеңестік кезеңді көксеушілер де үнсіз қалмай,ескерткіштің «дұрыс салынбағанын» айтып, шу ете түсті. Бұл - күтілген жағдай еді, сондықтан оған мән беріп арнайы тоқталудыңқажеті жоқ.
Бірақ «Егемен Қазақстан» газетінің Павлодар облысындағы тілшісі Фарида Бықай солардың пікірімен үндесетін мақала жазады деп көпшілік ойламаған шығар. «Ескерткіш еріккеннің ермегі емес» деп атын айқайлатып қойған жарияланымда авторөзінің долбары мен пайымдауына негізделген жеке пікірін оқырмандарға күдік-күмансыз ақиқат есебінде өткізуге талпынғаны сезіледі. Оның жазғанына сенсек, ескерткіш ай далада салынған, сондықтан қыстың суығында, жаздың ыстығында ол жерге ешкім бармайды, монументте «шаңырағы ортасына түскен киіз үй көрініс тапқан», қазақ шеккен қасіретті бейнелеудің тың жолдарын табу түгіл ондай талпыныстың нышаны да байқалмайды, мұны осы ескерткіштің авторы мүсінші Марат Әбілқасымовтың өзі де мойындапты-мыс. Мүсінші жігіт шерлі, қасіретті тақырыпқа басқалардың айтуымен, естуімен келген, әрі «тезірек, жылдамдат, 31 мамырға дейін бітір» деген бұйрыққа бағынған көрінеді...
Осы жарияланымға орай еңбек ардагері Дүрманов Темірхан Орханұлы былай деді:
-Мұндай мақаланың өзге басылымдардың бірінде емес, ел газеті «Егемен Қазақстанда» жариялануы көңілге қынжылыс тудырады. Ескерткіш ай далада емес, қала шетіндегі мұсылмандардың ескі зиратының дәл іргесінде орнатылған. Кезінде жүздеген аштық құрбандары осында жерленген. Зираттан ары қарай тұрғын үйлер ауданы мен өндірістік аумақ орналасқан. Ол жаққа қала орталығынан қоғамдық көліктер: автобустар мен трамвайлар жүйелі қатынайды. Қорым жанынан Павлодарды Астана қаласымен, Қарағанды облысымен және Ресейдің Омбы өңірімен байланыстыратын республикалық деңгейдегі тасжол өтеді. Демек, монумент күніне мыңдаған жүргіншілердің көзіне түсіп тұрады.Бірсыпыра жолаушылардың ескерткішке арнайы тоқтап тағзым еткенін, ашаршылық құрбандарына бағыштап дұға оқығанын өз көзіммен көрдім.Демек,мақала авторының бұл ескерткіштің тұрған орны дұрыс емес екен деген пайымдауымен келісіп, оны жұртшылық соншалық көп жүрмейтін қалалық бақ ішіне немесе қаланың басқа бір жеріне көшіріп апарып тастау мүлде қате болады.
Ал белгілі керекулік суретші, кескіндемеші ҚСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі Әнуар Игембаев монументтің құрылысы жөнінде былай деді:
- Екі бөліктен тұратын монументтік композиция сәтті шешімін тапқан. Қара мәрмәр тақталармен қапталған екі қабырға (кереге деп біліңіз) және ортадағы сынған шаңырақ сол бір кезеңдегі қасіретті тарихымыздың көрінісін бейнелейді. Ал шаңырақтың сынған бір ұшының бүршік жарып көктей бастағаны өмір шіркіннің жалғастығын меңзейді. Аштан өліп бара жатқан сәттің өзінде жанында аспанға қарап жылап отырған ұлының белінен бір қолымен құшақтап сабырлыққа шақырған ана сұлбасында жас ұрпақтың өмірі үзілмейді деген сенім байқалады, оптимистік рух сезіледі. Әйел бейнесі мақалада баяндалғандай жартылай жалаңаш емес, етегінде қазақы оюлар салынған көйлегі - үстінде, камзолы астына төселген, орамалының бір шеті басынан сусып төмен түсіп барады. Егер аштан өлгелі жатқан әйелдің басына ақ жаулық салып, үстіне оқаланған бешпент, аяғына етік кигізіп қойса,бұл жұмыс реалистік мүсіндеме бағытынан мүлде алыс кеткен болар еді. Мұндай киім-кешекпен әйелдің аш құрсағын, арыған денесін көлегейлеп қою ескерткішті мән-мағынасынан айырып жібереді.
Жалпы, монумент екі аптада орнатылғанымен, оған дейін мүсіннің нобайын жасау, сызбасын қағазға түсіру, жұмсақ материалдан макетін дайындау және оны бірыңғай білікті мамандардан құралған комиссияның сараптамасына ұсыну үшін қаншалықты ізденіп, қанша тер төккенін, қанша уақыт жұмсағанын суретші, мүсінші, кескіндемеші мамандар ғана байыптайды. Ал жоғарыдан берілген бұйрықты орындау үшін ғана өзінің қолынан келмейтін іске кірісіп кетті деген сияқты жорамалды мүсіндеме өнері жөнінде түсінігі мүлде қарабайыр, көркемөнер саласына еш қатысы жоқ адамдар ғана айтса керек.
Әнуар Игембаевтың осы пікіріне менің қосарым: бұл монумент шынайы өнер туындысы, қасіретті тарихымызды ұмытпай, бақуатты тірлігіміздің қадірін білуге, егемен елдігімізді ұлықтауға шақырған идеологиялық мәні зор нысан, ашаршылық құрбандарына көрсетілген құрмет белгісі. Бұл ескерткіш тікелей облыс басшылығының кейбір топтың бодандық психологиясын қақырата отырып, ерлікке жетеқабыл шешім қабылдауының нәтижесінде дүниеге келді. Осы ісі үшін де облыс әкімі Ерлан Арын мырзаға зиялы қауымның ризашылық сезімін білдіргені жөн шығар.
Солай десек те, бұл монументтік композицияға теріс көзқарастағы жерлестеріміздің іс-әрекетінің бас-аяғы осы емес екенін іштей сеземіз. Ең өкініштісі, ондайларға кейбір жергілікті журналистердің қолдау көрсетуі.
...Павлодар қаласындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров ескерткіші бұрын өте көрнекті орында тұрған еді. Торайғыров пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орнатылған мүсін қарсы алдынан да, оң жағынан да, сол жағынан да «Мен мұндалап!»көзге түсіп тұратын. Әйтсе де Сұлтанмахмұт ескерткішінің Павел Васильев атындағы кітапхананың дәл алдында орналасуы біреулерге ұнамаған сияқты. Әйтеуір, бұл жерде алаңқай жоқ, сондықтан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, мәдени шаралар өткізу мүмкіндігі шектеулі деген сылтау айтылып, мүсінді қалалық бақ ішіне көшіру жөнінде БАҚ арқылы қайта-қайта ұсыныстар айтылып, мәселе көтеріле берді. Ақыры, Сұлтанмахмұттың мүсіні көшенің қарсы жағындағы жұртшылық көзінен тасалау алаңқайға көшірілді. Бірақ онда жаз айларының санаулы күндерінде бірер мәдени шара ұйымдастырылғаны болмаса, ол жер поэзия кеші тұрақты өткізілетін орынға айналып кеткен жоқ. Осы тұста атап айтатын жайт, Сұлтанмахмұт ескерткішін басқа орынға көшірткізген топтың басы-қасында жергілікті журналист Фарида Бықай жүрді. Кейін Алаш ақыны ескерткішінің бұрынғы орнына Павлодарда біраз жыл тұрған кеңес ақыны Павел Васильевтің мүсінін орнату жөнінде ұсыныс жасалды. Абырой болғанда, қала әкімдігі қазақ зиялыларының наразылығын тудырып алмауды ойлап, бұл ұсынысты қабылдамай, П. Васильевтің бюстін басқа жерге орнатты.
Енді мына бір жайды да еске алуға тура келіп тұр. 2010 жылы, Павлодарда, Сәтбаев көшесінің бойында академик Қаныш Сәтбаевтың мүсіні орнатылған болатын. Ескерткіштің ашылу шарасына ҚР Парламенті депутаттары: Қуаныш Сұлтанов, Кенжеғали Сағадиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Айдар Жақыпов, академиктер: Мұрат Жұрынов, Жабайхан Әбділдин, Ғарифолла Есім, Ғинаят Бекжанов, Зайролла Дүйсенбеков, ғылым докторлары: Мырзатай Жолдасбеков, Герой Жолтаев, Еркеш Батырбеков, жазушылар: Кәкімбек Салықов, Медеу Сәрсеке, Қ. Сәтбаевтың ұрпағы Әлішер Сәтбаев және ғалымның жақын-жуықтары арнайы шақыртумен келді. Олардың барлығы ғұламаға ескерткіш орнатқаны үшін облыстың сол кездегі басшылығына ризашылық сезімін білдірді. Солай бола тұра, Фарида Бықай «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымының жуырда өткен жиналысында күн тәртібінде тіл мәселесі қаралып жатса да, Қаныш Сәтбаевтың мүсіні өз орнында тұрған жоқ деген ой айтып, тағы бір мәселенің ұшын шығарды... Бәлкім, «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген мәтел осындай жайттан туындаған шығар.
Ең бастысы, жұртшылық күткен ескерткіш ашылды, енді қоқан-лоққы көрсетушілердің құқайын көріп аламыз! Керекулік шығармашыл зиялылар осындай ойда.
Арман ҚАНИ,
ақын, журналист,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Павлодар қаласы.
«Абай-ақпарат»