Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4246 0 пікір 27 Маусым, 2012 сағат 10:40

Сәкен Алдашбаев. Қазақ тілшісінің тауы неден шағылып жүр?

Осы сайтта (www.abai.kz) Қалмаханбет Мұқамедқалидың «Қазақ журналистеріне не қажет?» деген мақласын оқып, әріптестерімнің және өзімнің жайыма сырттан бір қараған едім. (Ондада  жоғары жақтағы біреу түшкіріп қалса, «Жәркемалла» деп жырп ететін газеттердің тілшілерін емес, жеке газет пен телеарна тілшілерінің жайын ойладым.) Расында автор айтпақшы қазақ журналистикасында өгейлік, әлсіздік, жалтақтық бар. Оны жасыра алмаймыз. Дегенмен оған бір жақты қарап барлығына топырақ шашуға болмайды. Мәселен «Жас Алаш» бастаған газеттердегі тілшілер батырдан асқан Бұқар жырау мен адуынды Асан қайғыдан, көзі соқыр болса да көкірегі алтын Шөжеден, «Хан емессің қасқырсың, қас албасты басқа ұрсын» деген Махамбеттен, тілімді кессең де ел тірлігін айтам деп, қанша рет түрмеге түскен Тұрмағанбеттен қай жері кем? Қайрат пен Ләззаттың өрлігін арқалап жүрген жас тілшілер сол газеттерде қасқайып сөйлеп жүрген жоқ па?

Ал соларды осы күнге дейін қай қазақтың баласы қолдапты? Сол «қазақ журналистері қорқақ» деп отырған мықтысымақтар рухани қолдай алды ма екен соларды? Қаржылай жәрдем бермей-ақ қойсын, бір өзекті мақала жазғанда редакцияға қоңырау шалып, рухани демеу жасай алып па өздері? Оппозициялық газетті үйіне жаздырып алды ма солардың бірі?!! Тіпті № 7 қонақ (http://old.abai.kz/content/kalmakhanbet-mykametkali-kazak-zhurnalisterine-ne-kazhet) мақаладағы «Қайтып бара жатып «қазақ журналистеріне не қажет еді» осы деп ойланып қоясың» деген жолдардың астын сызып тұрып көрсетіп, «Cен қазақ журналисі - өзің жағымпазсың, өзің надансың, өзің қорқақсың! Кімге керексің? Саған тамақ керек, басқа нені ойлай алушы едің, сен?! Қоғамды тазартып, билікті өзгерте алмасаң осылай жүр, жалтақтап, жағатсып, әркімнің артын жалап... сол да саған дәреже болып тұр ма?» деп бәлсініпті. Міне, сорлылық. Әлсіздігін мойындаған адамға жұдырық жұмсаған доңғайз. Сонда оның ойынша журналист үй-күйін ойламай, артында қолдау білдіретін жұрты болмаса да жемқор билікке қарсы шығып,  жемтігіне айналу керек пе? Олай емеспіз десең Батырхан Дәрімбетті неге қорғай алмадың, елім? Тіпті оны еске алу шеруіне де шығуға қорықтыңдар ғой. Ақтауға айдалған Болат пен Жанболатқа араша түсе алып отырсыңдар ма? Мықты болсаңдар кешегі Арқанкергенге журналистерді 10 күнге  жіберіңдер деп билікке талап қоя аласыңдар ма?

Тегі тілдерің аз тимеген тілшілерге. Бар халінше халқым деп жүрген журналистерге жабыла кететіндей неге сорлап қалдың, халқым-ау? Ақшаны кафе мен саунаға шашқанша, қазақ газеттеріне көптеп жазылып, әлеуметтік көмек  жасамайсыңдар ма? Бұлай дейтінім мен өзім жеке газетімнің жазылымы үшін мекеме аралап жүргенде қазақ оқырмандарының етегі тола жылағанын көремін. Жазыламыз-ау, бірақ ақша жоқ, айлығымнан міндетті газет үшін 10 мың ұстайды деп еңірейді. Дұрыс, 30-40 мың алатындар айтса жөн, ал қыруар ақша алып, сауналататындардікі не жорық? Құдай біледі дейін, ана пікір айтып, теріс тартқандардың көбі сондай шығар.

Енді дауды өршіте бермей нақты істің сөзіне көшейік. Сонымен, қазақ жорналшысына не керек? Біріншіден, оған қазақтың   қолдауы керек. Екіншіден, журналист көтерген мәселеге билік жауап беріп отыруы керек. Мұны да Үкіметтен талап еткен жөн. Болмаса қанша көтерілген мәселелер қара тасқа айтқандай қалып жатыр.

Үшіншіден, қазақ қалталылары болашағын ойласа, қазақ журналистикасына дамытатын жобаларға қаражат құюы керек. Төртіншіден, журналистер мерекесі күні «үздік журналисті» билік емес, тәуелсіз ұйымдар анықтағаны жөн. Ал, оны билік ықпалына қалдырсақ олардың кімді таңдайтыны белгілі. Өзіңіз қараңызшы, көп марапатты жергілікті теларналар,

және әкімге қарасты газет тілшілері иемденіп жатады. Олар қай мәселені қаймықпай көтеріп еді ел үшін?

Бесіншіден,қазақ тілді БАҚ-қа «төртінші билік» деп атап қоя салмай қолына күш беру керке. Болмаса шіріген шенеуніктерден бастап басшыларға дейін тілшіні қабылдамаймын десе қабылдамайды. Сосын жүргені баспасөз қызметкеріне арнайы хат жазып. Яғни, журналисткеректі мәлметін кез-келген мекемеден алып кете беруі керек. Ал ондай ашықтық пен еркіндіктен біздің билік қорқады.

Алтыншыдан,ЖОО-лар журналистикағадикторлыққа қызығып келетіндерді қабылдай бермей қарым-қабілеті бар жастарға таңдау жасай білуі керек..

Жетіншіден, журналистің қызмет бабындағы қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек, т.б.

Міне, қазақ журналистеріне осындай жағдай керек. Мұны жасау қиын емес, алайда бұған не кедергі қазіргі қоғамда? Құрметті пікір жазушылар оданда соны талдайық жамбастап жатып алып қазақ журналисін (зиялысын) жамандағанша. Мүмкін Қалмахамбеттің мақаласына пікір жазған батырсымақтар, білгіштер Үкіметке ұсыныс жасап, қазақ журналистикасының қадамын ашатын қандай да бір ілкімді жобалар ұсынып қалар. Көрейік.

Қызылорда қаласы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321