Пентагон: Біз Тайваньға көмекті тоқтатпаймыз
Вашингтон Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке "үздіксіз қызығушылық танытады" және Тайваньға өзін-өзі қорғаныс қабілеттілігін сақтауға көмектесуді жалғастыруға міндеттенеді. Бұл туралы 12 қазанда Пентагон өкілі Джон Кирби хабарлады.
"Менің ойымша, сіздер Тайваньды қолдау туралы егжей-тегжейлі айтпайтынымды түсініп отырсыздар. Алайда, біз әлі де Қытайдың Тайвань маңындағы арандатушылық әскери әрекеттеріне алаңдаушылық білдіреміз, бұл тұрақсыздық факторы деп есептейміз. Сондықтан біз Бейжіңді осы әскери, дипломатиялық және экономикалық қысымды тоқтатуға шақырамыз. Біз Тайвань бұғазының екі жағында бейбітшілік пен қауіпсіздікке қызығушылық танытамыз, сондықтан біз Тайваньға өзін-өзі қорғау қабілетін сақтауға көмектесуді жалғастырамыз",-деді ол.
Сонымен қатар, Кирби Тайвань мәселесінде АҚШ-тың "бір Қытай принципіне сәйкес әрекет ететінін" баса айтты.
"Біздің Тайваньмен қорғаныс саласындағы қарым-қатынасымыз ҚХР тарапынан туындаған қатерге қарсы тұруға бағытталған. Біз Бейжіңді бейбіт жолмен бейбіт келісімге келуге шақырамыз", - деп қосты қорғаныс өкілі.
Abai.kz